ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында 4 радикалды топтың қызметінің жолын кесті.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қолға түскен топ мүшелерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер органдары бірлесіп жүргізген арнайы операция кезінде ұстаған. Олардың елімізде тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға шақырғаны және соларға қатысты материалдарды таратқаны анықталды. Осылайша 4 радикалды топтың іс-әрекеті бейтараптандырылды.
Террорризмді насихаттау және діни алауыздық тудыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында 11 адам ұсталды.
Қазіргі таңда ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту, куәлардан жауап алу және басқа да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.