Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-5
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

«Өңсіз қыз болғаныма өкінемін: шалдар да қарамайды» – студент қыздың жазбасы

410

Мен «платныйда» оқимын

Айнұр – менен екі курс жоғары оқиды. Екеуіміз де оңтүстіктен болған соң, оқу ғимаратында кездесіп қалсақ, бір-бірімізді «жерлес» деп, іш тартып сөйлесіп қоятын әдеміз бар. Мен жатақханада тұрамын. Ол болса, жатақты менсінбей, пәтер жалдап тұрады. Бірде бір мәселемен сөйлесіп қалған едік. Сол кезде қыздардың айтып жүрген өсегін оған жеткіздім.

Айнұр «мен тазамын. Олардың айтқаны бос сөз» деген жоқ. Бірден мойындады:

«Иә, қарасаң, көзің тоятын сүйген жігітім бар. Бірақ мен онымен шектеліп қалған жоқпын. Өйткені қазіргі жағдай соған итермелеп тұр. Өзің білесің, мен «платныйда» оқимын. Жыл сайын оған төлейтін қомақты қаржы керек. Ата-анамның шамасы келе бермейді. Сондықтан

әдемі түрімнің арқасында, бір «шал» тауып алдым.

Жасы біразға келген адам. Отбасы, балалары бар. Оқуымды, тұратын пәтерімді сол төлеп тұрады. Одан қалса, күнделікті ұстау үшін де қалтама ақша салып береді. Үнемі болмаса да, киім-кешек әперетіні бар.

Сол «шалдың» осындай жомарттығы үшін, мен де аянып қалмаймын. Көңілін жықпай, баратын жеріне барып, жататын кезде жатып тұрамын. Екеуіміздің де есебіміз түгел. Бір сөзбен айтқанда, оған ара-тұра көңіл көтеретін сұлу, «жас иіс» қажет, маған – жағдайымды жасайтын «шал» қажет.

Тіпті, менің «жеке» таксисімде бар. Ол да үлкендеу жігіт. Таңертең оқуға жеткізіп тастайды, қайтарда хабарлассам – келіп алып кетеді. Бәрі тегін. Ол байқұс көлікте келе жатып, менің қолымды ұстап, санымнан сипағанға мәз. Ара-тұра құшақтап, сүйіп қояды. Оған сол да жеткілікті. Таксоват етіп тапқан ақшасын кейде үйіне апармай, менің қалтама салып беретінін қайтерсің?

Міне, көрдің бе, қыздың сұлу, сымбатты болуы оның болашағына жол ашады. Темболле, қазіргі заман сұлу қыздардың заманы.

Қазіргі қалталы еркектерге сенің ақылың, білімің емес, сұлулығың, әдемі мүсінің қажет.

Менің «шалым» және «таксисім» бар екенін жүріп жүрген жігітім білмейді. Сәл қулау болсаң болды. Ешнәрсені сездірмеуге болады. Жалғыз мен емес, беті әрлі қыздардың көбі мен секілді қалталы «шалдар», тегін жүру үшін «таксистер» ұстайды», деп күлді Айнұр.

https://kaz.365info.kz/almatyda-student-khyzdar-ote-kop-akhshaly-shaldardyn-daureni-zhyrip-tyr-249307

Сұмдық-ай! Оның бұл айтқанына не дерімді білмей қалдым. Осыдан кейін-ақ өзіммен бірге оқып жүрген студент қыздардың тірліктеріне зер сала қарай бастадым.

Бір байқағаным, Айнұр айтқандай, сымбатты, сұлу қыздардың көбі бір емес бірнеше жігітпен ретін тауып қатар жүреді екен. Тіпті, кейбірі Айнұр секілді «шалдар» да ұстайды.

Ондай қыздар шалқып жүреді

Өйткені әлгі қалталы «шалдар» «сүйіктілерінен» ешнәрсе аямайды. Қалталарына ақша салады, қымбат жаңа маркалы телефондар әпереді, «барахолка» емес, бутиктерден киіндіреді. Тамаша.

Өзім өңсіздеу, аяғым қисық болған соң, сұлу қыздарға қызыға қараймын. Оларда ешқандай «проблема» жоқ. Еркектердің өздері олардың алдында қоғаша жапырылып жатады.

Ал мен секілді өңсіз қыздар елеусіз бір шетте қала береміз. Қайтеміз енді?

https://kaz.365info.kz/kynahar-perishte-student-zhezokshemen-bolgan-ashykh-angime-279773
Құралай Маратова

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз