Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Онкологиялық ауруға шалдыққан 13 баланың арманы орындалды

125

Ауыр дертке тап болған әр баланың өзіндік, ерекше тарихы бар. Бірақ олардың армандары ұқсас. Олар армандарында – ересектер. Олар ересек, үлкен өмір туралы армандайды. Menin Armanym қорының атқарушы директоры Шамиль Ванкеев өз командасымен осы армандарды қазір жүзеге асыруды мақсат етті. Себебі күтетін уақыт жоқ.

Осы 13 бала туралы әңгімесін Шәміл 12 жасар Айару Медеуқызының оқиғасынан бастады.

№1. Модель

Әйгілі модель болу қыздар армандайтын мамандық. Velada Models модельдік агенттігінде кішкентай Айару үшін шеберлік сабағы өтті. Онда ол дефиле мен дұрыс жүруді үйренді. Содан кейін танымал студияда кішкентай модель үшін кәсіби фотосессия ұйымдастырылды.

Қызды таң қалдыру үшін қор тобы өзінің сүйікті блогерлерімен кездесу ұйымдастырды. Фотосессияның соңында олар оған тосынсый жасап, бірге ТикТок үшін бейне түсірді.

№2. Блогер

12 жасар Дидар Бердалиев өзінің сүйікті блогерлері Нұрдәулет пен Садраддинмен кездесіп, олардың қатарына қосылуды армандаған. Сонымен бірге тауларды жақыннан көруді қалапты. Оған “Медеу” биік таулы кешеніне, содан кейін “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортына аспалы жол арқылы шағын саяхат ұйымдастырылды.

Дидардың арманын орындауға оның сүйікті блогерлері қатысты. Дидардың жүзіндегі бақытты күлкі күні бойы кетпеді. Жасөспірім әрқашан армандардың орындалатынына сенді.

№3. Патриот

14 жасар Жасұлан Әбдіманап өз елінің патриоты.

Ол Алматыны көруді және мегаполис көшелерімен серуендеуді армандайды.

Жасөспірімге қаланың тарихи және мәдени көрікті жерлері көрсетілді. Жасұлан Республика алаңында, 28 панфиловшылар саябағында қыдырып, «Есентай-паркте» болып, алғаш рет метроға мініп қайтты.

Оның патриоттығын ескере отырып, кездесу үшін этникалық тақырыптағы мекеме таңдалды. Онда қайырымдылық жасаушылар сыйлықтар табыстады, одан кейін бейнебайланыс арқылы бала танымал әнші-композитор Нұрлан Еспановпенсөйлесті.

№4. Ұшақ

Дәурен Мұхамеди небәрі сегіз жаста. Оның арманы әлемді биіктіктен көру және ұшақпен ұшу. Ол әрқашан биік ғимараттарды көруді армандайды.

Оның арманын орындау үшін Алматының ең биік ғимараты — Ritz Carlton қонақ үйінің 30 қабатынан қаланы көрсету туралы шешім қабылданды. Одан кейін қор командасы Даурен үшін қала сыртындағы аэродромда тосын сый дайындады. Онда бала өмірінде алғаш рет ұшақпен ұшып, андреналинсезінді.

№5. Шопинг

10 жасар Айана Төрегелді көңілді және көпшіл. Ол өзінің сүйікті әншісі Зирузамен кездесіп, керемет сауда жасауды армандайды. Арман шындыққа айналар күні Айананы Dostyq Plaza сауда-ойын-сауық орталығына алып келді, онда оны Зируза стилист ретінде күтіп алды.

Олар бірге өзекті және әдемі бейнелер жасау үшін көптеген дүкен аралап шықты. Әншімен көңілді уақыт өткізіп, көптеп киім сатып алды.

№6. Киноқаһарман

4 жасар Мирас Қажымұратов өзінің жасына қарамастан белсенді және позитив бала. Ол Marvel киноларының жанкүйері. Оның арманы сүйікті кейіпкерлерімен — Өрмекші адаммен, Капитан Америкамен және Темір адаммен уақыт өткізу болды.

Мирастың арманы жайлы антикафеде орындалды. Ол көңіл көтеріп, сүйікті кино кейіпкерлерімен ұмытылмас уақыт өткізді. Баланың қуанышында шек болмады.

№7. Тәттілер

12 жастағы Женя Чертогов жаңа жылдық көңіл-күйді сезініп, сүйікті тәттілерін жегісі келді. Бірақ денсаулық жағдайына байланысты оны Қазақ онкология және радиология ҒЗИ балалар бөлімінен шығармау ұсынылды.

Қордың командасы Женя армандаған сыйлықтар мен тәттілерді сатып алды. Олар тікелей баланың палатасына әкелінді. Женя күтпеген тосынсыйға қуанды және ұзақ қайғыдан кейін ақыры қуаныш сезінді. Бұл оның көңіл-күйін ұзақ уақытқа көтерді.

№8. Бизнесмен

16 жасар Бағлан Тұрсынбаев бизнесмен болуды армандайды. Онымен ең танымал кәсіпкерлердің бірі Сырымбек Тау кездесуге келісті. Кездесуде Бағлан апта сайын Көлсай көлінде өтетін бизнес-тренингке қатысуға шақырылды.

Жасөспірім бизнесмендер жиналған Altyn kopir нетворкинг кешінің қонағы болды

Тренингте кәсіпкерлер өз жобаларын таныстырды. Күннің соңында Бағланға Yokohama сыйлықтары және қор атынан арнайы мүсін берілді.

№9. Лунтик

Бүйректің қатерлі ісігіне шалдыққан 4 жасар София Шубинаның да арманы орындалды. Қыз өзінің сүйікті мультфильм кейіпкері Лунтикпен кездескісі келді.

София Бамбино ойын-сауық орталығына шақыртылды, онда оны Лунтик пен оның досы Кузя қарсы алды. Қыздың қуанышында шек болмады. Ол көңілді уақыт өткізді және арманы орындалған күнді ұзақ уақыт есте сақтайтынын айтты.

№10. Футболшы

17 жасар Әділет Қожатаев кәсіби футболды армандайды. Сонымен бірге жасөспірім өзінің сүйікті блогері Жансерік Қадырбаевпен кездескісі келді. Арманы орындалатын күні арнайы қонақтанымал “Ирина Кайратовна” шоуы мен тобының қатысушысы Алдияр Жапарханов шақырылды.

Олар бірге “Қайрат” ҚФФ базасына бет алды, оларды команданың ойыншылары Айбол Әбікен, Данил Устименко және Сергей Кейлер қарсы алды. Онда Әділет “Қайрат” жаттығу формасына ие болды. Содан кейін ол үшін экскурсия және шағын жаттығу өткізілді. Сапар соңында жас жігіт сүйікті блогерімен кездесу үшін НТК телеарнасының студиясына барды.

№11. Радиожүргізуші

14 жасар Мұхаммед Қадырбекұлы радио жүргізушісі болғысы келеді. Тілек шындыққа айналуы үшін ол күн сайын кітап оқиды және Zhuldyz FM-дегі сүйікті радио бағдарламаларын тыңдайды. Оның сүйікті радиостанциясына экскурсия ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Бағдарламаның қонағы ретінде Мұхаммед тікелей эфирге шақырылды

Ол жүргізуші ретінде өз күшін сынап көрді. Арманы орындалатын күн жас баланың туған күнімен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты оған кішігірім мереке ұйымдастырылып, радиостанциядан сыйлықтар және Қордың жеке мүсіншесі берілді.

№12. Дельфинарий

10 жасар Санжар Бағдаттың арманы – су астындағы әлемге деген қызығушылық және дельфиндермен жүзу. Бұл тілек те орындалды. Баланы Nemo дельфинарийі орналасқан Алматының орталық саябағына алып келді.

Онда баланы дельфиндермен шоу күтіп тұрды. Дельфиндер кішкентай Санжарды таңғажайып трюктерімен және қызықты нөмірлерімен таң қалдырды. Сол жерде ол үшін шағын жаттығу өткізілді, жүзу костюмі беріліп және дельфиндермен жүзу мүмкіндігін алды.

№13. Дәрігер

Шымкенттік Дәмелі Тағайханова небәрі сегіз жаста, ол дәрігер болуды және адамдарға аурулардан айығуға көмектесуді армандайды. Ол Қор арманын орындаған алғашқы шымкенттік.

Арманын орындау үшін қор командасы жергілікті емханамен хабарласты. №6 қалалық емхананың басшылығы оған экскурсия ұйымдастырып, тіпті емдеудің әртүрлі әдістерімен таныстыра отырып, тілектеріне жүгінді. Дәрігерлер қызға оның мамандыққа деген қызығушылығын ынталандыратын балалар медициналық жиынтығын берді.

Сөз соңында

Барлық арманды Menin Armanym қызметкерлері жүзеге асырды. Қорда ауыр сырқатқа душар болған 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың армандары орындалады. Тұрақты негізде тоғыз маман және үш волонтер жұмыс істейді.

Қысқа мерзім ішінде белсенділер еліміздің барлық өңірінен 116 өтінім жинады. Еліміздің 200-ден астам жанашыр азаматы волонтер болғысы келеді.

Ауыр дертке шалдыққан балаларға бір сәт болсынбақытты болуға көмектесу үшін сайтқа кіре аласыз https://menin-armanym.kz/

Фото: Никита Черевко

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз