Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Өңірдегі БАҚ-тарды дамыту бағдарламасын әзірлеп жатырмыз – Дәурен Абаев

Талқылауда жергілікті баспасөзді дамытудың қордаланған проблемалары да сөз болды. Оның ішінде, облыстық газеттердің тағдыры мен оларды жекешелендіру мүмкіндігіне қатысты министрліктің ұстанымына тоқталдым.

Бұл мәселеге қатысты дүйсенбі күні облыстық әкімдіктермен және аталған басылымдардың редакторларымен селекторлық кеңес өткізіп, көп болып кеңесе отырып, тиімді шешімге келу жөнінде уағдаластық», – деді ол.

Жиында министр қатысушылардың ұсынысы мен министрліктің аймақтық БАҚ-ты дамыту бағдарласын әзірлейтіндігін айтыпты.

«Форумға қатысушылар нақты аймақтық медианы дамыту мен қолдау мәселелерімен айналысатын қоғамдық бірлестік құру жөнінде ұсыныс көтерді. Біз аталған мәселені қарастыратын боламыз, мен бұл жөнінде тапсырма бердім.

Сонымен қатар, министрліктің аймақтық БАҚ-ты дамыту бағдарламасын әзірлеуді көздеп отырғанын хабарладым. Бұл жаңалықты аудитория қуанышпен қабылдады.

Тұтастай алғанда, талқылау белсенді түрде өрбіді. Бұдан әрі болатын екі сессияға қатысушылар үшін пікірталастың табысты өтуіне тілектеспін», – деді басшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз