Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Оңбағандар!..”. Танымал ғалым аяғы ауыр әйелді жылатқан шекарашыларды жазалауды сұрады

111

Айта кетелік, 2018 жылдың 3-мамыры күні Мысырдан Алматы әуежайына отандасымыз Нұрсейіт, әйелі және баласымен ұшып келеді. Сөйтіп, шекаралық бақылаудан өтіп жатқан тұста Жайнагүлдің Қазақстанда жүріп-тұруға арналған ықтиярхатының жарамсыз екені анықталған (Нұрсейіт Қазақстан азаматтығын алып үлгергенмен, әйелі әлі ала алмапты, ол төлқұжат бойынша Қытай азаматы). Сол себепті, Нұрсейіт пен 1,5 жасар ұлы Қазақстанда қалып, Жайнагүлді кедендік бақылау қызметі келген бетімен Мысырға қайтарып жіберіпті.

Сөйтіп бір отбасы Қазақстанға келгенде екіге айырылып, аяғы ауыр ананы денсаулығы сыр беріп, жылап-сықтағанына қарамастан кері жіберген ғой біздегілер. Негізінен, Жайнагүлдің ықтиярхаты 2021 жылға дейін жарамды болған, бірақ алты ай сайын оны нақтылап отыру турасынан олар хабарсыз боп шыққан.

Міне, сол қызымыз күні кеше Түркияның араласуы арқылы қайтадан Қазақстанға оралды.

Ғалым, міне, кедендегі қызметкерлердің адамшылықтан аттай салатын осындай әрекетіне жаға ұстай отырып,  екі мысал келтірді.

https://kaz.365info.kz/zhylmashy-nyrsejit-kedenshiler-onyn-zhykti-ajelin-elden-nege-khuady-313850

„…1990-1991 жылдар. КСРО-ның соңғы кезі… Бір топ достар Түркияға барып «Түрікше-Қазақша-Әзірбайжанша-Түркменше-Өзбекше-Қырғызша-Татарша-Башқұртша-Ұйғырша» салыстырмалы сөздік жазып жатырмыз. Кеңес идеологиясының қылышынан қан тамып тұрған заман, түркологияға тиым салынған кез. Жұмыс – күндіз-түні. Мемлекет (Түркия) тек 2-3 ай қаржыландырды. Намық Кемал Зейбекті министрліктен кетірген соң сол елдің ұлтжанды азаматтары жатын орнымыз бен тамаққа өз қалталарынан жинап ақша тауып отырды.

Гонорар үшін емес, намыс үшін, үлкен мақсат үшін. Бір топ түркітілдес елдердің ғалымдарымыз. Қазағы мен.

Жеті айда еңбегімізді аяғына дейін бітіріп, билеттерімізді алып қайту үшін шекараға дәл осы Жайнагүл қызымыз сияқты жеттік. Визаларымыздың мерзімі баяғыда біткен. Бұл өрескел заң бұзушылық қой.

Үлкен айыппұл төлеуіміз шарт. Бізде ақша жоқ.

Сонда, әлі есімде, мен шекарашы түрік азаматына: “Біз бәріміз түрікпіз ғой, керек болса, біз нағыз түрікпіз, ал сіздер, Түркия түріктері – сіздер бізден шыққан елсіздер. Міне, қараңыз, біреуіміз қазақ, біреуіміз түрік, біреуіміз әзірбайжан, біреуіміз түркмен, біреуіміз өзбек, біреуіміз қырғыз, біреуіміз татар, біреуіміз башқұрт, біреуіміз ұйғыр, біреуіміз қарашай-балқар”, – дедім. Өздерімізді және келген мақсатымызды түсіндірдім тілім жеткенше.

Сонда таңғалғанымыз, кеденші жас жігіт қатты толқып, қуаныштан жылап жіберуге шақ қалды. Бізді бастықтарына дереу апарды. Жоғары шенді офицер істің байыбына барған соң, бізге айтқан сөзі әлі есімде:

“Бауырларым, мен сіздер үшін тек бір нәрсені жасай алмаймын. Ол, өліп кетсеңіздер, сіздерді қайтадан тірілтіп алу. Ол тек Алланың әміріндегі іс. Басқасының бәрін сіздер үшін, бауырларым үшін жасау – азаматтық борышымыз, зор міндетіміз біздің”. Одан кейін паспорттарымызды жинап алып өзі 1-2 сағатқа жоқ болып кетті. Қызметкерлері сол кезде бізге түрлі тамақ, шәй берумен әлек болды. Қайтып келген соң, визаларымыз қойылған төлқұжаттарымызды бізге ұстатты. Міне, қандай адамшылық, қандай бауырмалдылық, қалай жүрегіңіз елжіремейді?

https://kaz.365info.kz/nege-arabtar-men-tyrikter-zhylkhynyn-etin-zhemejdi-255378

Одан соң ашаршылық кезін алыңыз. Түркия және Қытай қазақтарына байланысты. Қытайдың қазіргі территориясында қалған Шығыс Түркістаннан үдере ауған қазақтар Пәкстан, Ауғанстан, Үнділетіп, жолда қыруар шығынға ұшырап елуінші жылдардың басында Түркияға әрең жетеді.

Сонда түріктер қазақтарды қалай қарсы алады? Кең жайылым жерді ғана берген жоқ! Сырттан келген бауырлары үшін арнайы су жаңа қалашық тұрғызды! Әр қазақ отбасына жеке үй (бізде ондай үйлерді вилла деп атайды) салып берді. Сол елді мекеннің күні бүгінге «Алтай көйі» яғни «Алтай ауылы» деп атайды.

Елбасы бастаған «Рухани жаңғырудың» негізгі мақсаты – санамыздың жаңғыруы, елімізде өркениетті елдердегідей ұлттық саясаттың қалыптасуы, салтанат құруы екенін ұмытпайық, ағайын.

https://kaz.365info.kz/tyrkiya-khazagy-myndagy-khazakhtar-shatakhkha-ilinip-ketip-zhatyr-299661

Осыған қол жеткізуіміз үшін, не істеуіміз керек? Түріміз мынау, күйеуі мен балалары Қазақстан азаматы, өзінің қолында 2021 жылға дейін берілген ресми құжаты бар, шетелде оқуын бітіріп келген өзінің аяғы ауыр қарындасымызды кеудесінен теуіп итереміз. Бір ұсақ-түйек формалды ілік тауып. Заңгерлеріміз бұл оқиғаны бей-жай қалдырмау керек. Жауаптылар жазалануы керек. Өз қандастарымызға арналған заңдарымызды толықтырып, жетілдіру керек (Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан бастаған бір топ атқамінер бауырларымыздың құлақтарына алтын сырға) деп есептеймін„ делінеді мақалада.

https://kaz.365info.kz/zhabysyp-bale-boldy-ogyz-dogan-ozinin-nege-zhyrgish-bop-shykhkhanyn-ajtty-315817

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз