Қазақстанда автокөліктерді уақытша тіркеу тәртібі жойылған.
Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап халық көлікті тұрғылықты жеріне қарамастан кез-келген ХҚО немесе полицияның тіркеу-емтихан орындарында тіркей алады.
Бір одақта болғандықтан, бұл талап Ресей, Беларусь пен Армения елдерінде тіркелген көліктерге де қатысты, деп түсіндіреді kolesa.kz.
Бірақ
Ресей мен Беларусьтен келген көліктер рөлі оң жақ-сол жақ болғанына, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қашан тіркелгеніне де қарамастан Қазақстанда емін-еркін жүре алады. Тіпті көлік рөлінде Қазақстан азаматы болса да.
Қазір Ресей мен Беларусьте тіркелген көлікпен Қазақстанда жүру үшін екі-ақ қағаз керек:
Сонымен қатар, Ресейде тіркелген көлік иесінде шекарадан өту құқығын беретін сенімхат болуы керек. (Қазақстанда мұндай сенімхат ары кетсе үш жылға ғана берілсе, Ресейде ол шексіз уақытқа беріледі).
Сол сайттағы комментаторлардың жазуынша,
тіпті Ресейге жыл сайын барудың да қажеті болмайтын сияқты:
“Егер Ресейдегі көлік иесі сенімді адам болса, ақшасын аударсаңыз ол көліктің салығын да өзі төлеп, техникалық байқаудан өтті деген куәлікті де пошта арқылы жібере алады”, деседі олар.