Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Он борышкердің төртеуі салықтық рақымшылықты пайдаланды — МКК

Ескі қарыздарды қосқан

Салықтық рақымшылықты жеке тұлғалардың жалпы санының 41,6%-ы пайдаланды, деп хабарлады “365 Info” ҚР Қаржы министрлігі МКК төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов.

Естеріңізге сала кетейік, салықтық рақымшылық басталған бойда өсімпұлды есептен шығару бойынша 1,5 млн жеке тұлғаның жалпы берешегі 24,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде негізгі қарыз сомасы 20,3 млрд теңге, өсімпұл — 4,3 млрд теңге.
2020 жылғы 4 желтоқсандағы жағдай бойынша МКК-да салықтық рақымшылықты 600 мыңнан астам жеке тұлға пайдаланды.

“Олар 8,5 млрд теңге сомаға салықтар бойынша қарыздарын өтеген, бұл ретте өсімпұлдардың шамамен 1 млрд есептен шығарылған”, — деп атап өтті МКК төрағасының орынбасары.

Бұл ретте комитетте БАҚ-та 20 млрд теңге бересі туралы ақпарат неге пайда болғанын түсіндірді. Жұмағұлов атап өткендей, бұл сомаға 2019 жылға мүлік және жер салығын төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелер бойынша бересі сомасы енгізілген. Бұл қарыздарды төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 қазанына дейін белгіленді.

Бес жұмыс күні беріледі

Сондай-ақ МКК берешекті өтеу тетігін түсіндірді.

Күн сайын Комитеттің ақпараттық жүйесі жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламаны автоматты түрде қалыптастырады, деп қосты Жұмағұлов.
Ол салық берешегі құрылған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушіге жіберіледі.

“Егер салық төлеушілер 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (2778 теңге) астам мөлшерде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органдары осы хабарламаны табыстаған күннен бастап 30 жұмыс күні өткеннен кейін Салық кодексінің 128-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын қалыптастырады және борышкерлерге жібереді”, – деп тұжырымдады МКК-да.

Осылайша,

салық төлеушіге қарызын өтеуге қосымша 5 жұмыс күні беріледі

“Бұл ретте, егер жеке тұлға берешекті 5 жұмыс күні ішінде өтемесе, салық органы салықтық бұйрықты мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларына жібереді”, — деп ескертті комитетте.

40 АЕК-тен жоғары қарыз — елден шығуға тыйым

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар өздерінің берешектерін, оның ішінде өсімпұлды да салық заңнамасының қолданыстағы нормаларына сәйкес өтейді

Салық төлемеудің салдары қандай деген сұраққа Жұмағұлов қазіргі уақытта Салық кодексіне сәйкес екінші деңгейдегі банктер салықтық берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан, төлем карточкалары мен кредиттерді ресімдеуден бас тартатынын айтты.

“Бұл ретте аталған норма жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, алименттер алуға арналған банк шоттарын, сондай-ақ білім алуға жинақ салымы туралы шарт бойынша банк шоттарын ашуға қолданылмайды”, – деп нақтылады МКК төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, ол жеке тұлғалар 40 АЕК (1 АЕК – 2 778 мың теңге) астам қарызды өтемеген жағдайда атқарушылық іс жүргізу органдары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды шектейді.

МКК-да салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін РUSH-хабарлама сервисі және Е-salyk мобильді қосымшасы әзірленгені туралы баяндады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз