Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Омскіден айырыласың…”. Эстонияның бұрынғы президенті Путиннің зәресін ұшырды

166

Оның пікірінше, Ресей Федерациясы Эстнонияға әскери шабуыл жасай алмайды. Өйткені бұл ел НАТО-ның мүшесі боп табылады. Ал бұл ұйым ережесінің 5-бабы бойынша, өзіне мүше елге әскери шабуыл жасалса, қорғаныс мақсатында ұйымға мүше елдер келіп, басқыншыға жабылып кетеді. Ал мұның, әрине, Ресейге қажеті жоқ. Сондықтан олар ешқашан Эстонияны жаулауды ойына алмауы тиіс.

https://kaz.365info.kz/putinnin-khuyn-aj-khazakhstan-euraziyalykh-odakhtan-shyga-almaj-ma-314566

Журналист Эстонияның экс-президенті Тоомас Хендрик Ильвеске: „Дегенмен бұл қауіп шынымен де өмірде орын алса не болады„ деп сұрақ қойды.

– Ресей, әрине, қаласа, Эстонияға әскери шабуыл жасай алады. Онда олар Санкт-Петербургті айтпағанның өзінде, Омбы мен Томскіден айырылып қалады ғой.

Бұл есінде олардың. Одан бөлек, тағы бір қауіп бар.

Ол 27 жыл бойына жалғасып келеді. Ресейдің ақпараттық шабуылы ғой. Солай олар еліміздің беделіне нұқсан келтіріп, іріткі салуға барынша тырысуда.

Украина менің не айтып отырғанымды жақсы түсінеді. Өйткені бұл елде де сондай проблема бар. Ресей „нацисттер„ мен „хунта„ туралы жау қып көрсетуші ақпараттарды жиі қолданады. Ол, әрине өте қауіпті. Батыста оны шын көріп, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қып таратын медиалар жетерлік. Оларға жалаулататын ілік болса болғаны, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/resejge-khosylmasan-ali-khantogis-bolady-kreml-zhirinovskijdi-zhanasha-sojletti-313658

„Әлем КСРО-дан шыққандардың бәрін құбыжық көреді, бірақ біз бұл таптауырын түсінікті жойдық. Бұл жағынан, тіпті, Эстония Ресейге үлгі бола алады. Ресей де ақымақ емес, түбі олар да біздің жолды таңдайды деп ойлаймын„ – дейді экс-президент.

– Эстония деген КСРО-ның құрамында болған ғой деп, Батыс бізге үрке қарады. Бірақ арада көп уақыт өткен жоқ, әне, рейтингке қараңыз, сыбайлас жемқорлық деңгейі Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің тең жартысынан да әлдеқайда төмен. Әрине, бұл саяси ерік-жігер мен саяси батыл шешімдерді талап етеді. Бұл әбден мүмкін нәрсе.

Сол секілді Ресей де демократияға бет бұрып, заңның төрелік ететін кезеңіне аяқ басады деп ойлаймын, ақырында.

Айта кетелік, Тоомас Хендрик Ильвес 2006 және 2016 жылдар аралығында Эстонияның президенті болған.

https://kaz.365info.kz/saskhan-yjrek-putin-endi-khazakhstanga-shabuyl-zhasauy-mymkin-sayasattanushy-310737

2014 жылы ақпанда Украинада төңкеріс болды. Украина президенті Виктор Янукович, ақырында, елін тастап қашты. Януковичтің кетер алдында 20-ақпанда Ресей Қырымды аннекциялайтынын жариялайды. 16-наурызда Қырымның Укаринадан бөлінетіндігі туралы референдум өткізілетіні мәлімделді.

Жалпы, 2000 жылдан бері қарай, Қырымға қатысты түрлі алып-қашпа сөздер баспасөзде жиі көтеріліп отырды. Тек Януковичтің билікке келуіне байланысты ол сап тыйылған болатын.

Уақытша үкіметті басқарған Турчинов Ресейдің Қырымды аннекциялауына қарсы тұра алмады. Әскер жинау қиын болды. Ал Үкіметтің өзі қарызға белшесінен батып қалған. Сөйтіп, 18-наурызда Ресей Федерациясы өз құрамына өз өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған Қырым сынды жаңа субъекті қосатынын жариялады. 2015 жылдың 1-қаңтарында өтпелі кезең басталды. Ал Украина тарабы әлі Қырымнан айырылдық деп есептемейді.

https://kaz.365info.kz/armyandar-bilgen-eken-euraziyalykh-ekonomikalykh-odakh-tarajdy-dej-me-312445

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз