Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Өмірзақ Шөкеев: “Самұрық-Қазынаның” қаржылық және өндірістік көрсеткіштері жақсарды

Оның сөзіне қарағанда, Топтың жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда екен. Қазіргі уақытта қордың 215 компаниясының 124-і жекешелендірілген. 

Сонымен қатар 1-тоқсанда Топтың өндірістік көрсеткіштері бойынша да оң динамика байқалады. Мәселен, мұнай мен газ конденсатын өндіру 5,76 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары. Табиғи газ өндірісінің көлемі 1,40 млрд шаршы метрге тең, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10%-ға артық. ҚМГ тобы бойынша қазақстандық МӨЗ-дердегі мұнай өңдеу көлемі 3,03 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы балама көрсеткіштен 31%-ға жоғары.

“Теміржол көлігі арқылы жүк тасымалдау көлемі есептік кезеңде 47,94 тонна-шақырымды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14%-ға артық. 7 367,0 млн кВтс көлемдегі электр энергиясы өндірісі бойынша “Самұрық-Энерго” АҚ да өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34,5%-ға артық нәтиже беріп отыр. Электр энергиясын тасымалдау да 2016 жыл көрсеткішінен 13%-ға асып түсті”, – деді Ө. Шөкеев. 

Құны 1,8 млрд доллар болатын “Нұрлы Жол” бағдарламасы да табысты түрде жүзеге асырылуда. Жекелей алғанда, “Боржақты-Ерсай” теміржол желісі құрылысы, “Қорғас – Шығыс Қақпа” арнайы экономикалық аймақ құру және оны дамыту жобасы, “Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзиті” “Екібастұз-Шүлбі СЭС-і-Өскемен” 500 кВ желісінің құрылысы” жобасының бірінші кезеңі және тағы басқа жобалар 100%-ға орындалды. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз