Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Өмірлік жарыңызды тапқыңыз келсе…

Қыз-жігіт қарым-қатынасына жалғыздықтан қорқып түсудің қажеті жоқ. Себебі, мұның арты жақсылыққа алып бармай, үнемі жанжалдасып жүретін боласыздар. Бақытыңызды өзіңіздің бойыңыздан іздеп табыңыз. Өзіңіз өмір сүріп жатқан жерде бақытты мекенге айналдырыңыз. Жалғаздықтың ләззатына бөленіңіз. Жалғыздықтан қашқан сайын бақытсыз боласыз. Себебі, сіз өзіңізді осы қалпыңызда қабылдаудан қашып отырсыз.

Қуаныш пен бақытты жан-дүниеңізден іздеп табыңыз. Өзіңіз қалаған образға еніңіз. Сол кезде сіз өмір сүріп жатқан кеңістікте ниетіңізге сай достар мен серіктестер табылады. Сізбен бірге болуға келіссе, қуанышқа толы сәттер көп болсын. Ал кетемін деген адамды ешуақытта ұстамаңыз. Олардың еркіндігі үшін қуаныңыз. Осы байланысты тереңінен түсініңіз. Қай кезде бақытты, бақытсыз екеніңізді жіті бақылаңыз. Бірақ, сәтсіздіктер үшін ешуақытта біреуді кінәламаңыз. Өмірге алғыс айтыңыз.

Өзгелерді жалғыздықтан ләззат алуға үйретіңіз. Өміріңізге жаңадан енген кейіпкер досыңыз, әріптесіңіз, сүйіктіңіз болуы мүмкін. Бәлкім көңіл жарастырып, отбасын құратын шығарсыңдар. Тіпті, бір-бірлеріңді екінші рет көрмеулерің мүмкін. Ең бастысы, болашағыңызға сенім артыңыз. Ол сізге не керегін біледі. Жан-дүниеңізден екінші жартыңызды тауып, барлық қорқынышыңыздан арыласыз.

Автор: Джефф Фостер

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз