Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Өмірде жалқау, төсекте мылқау”. Кедей таксистің әйелі болудан шаршадым

757

Енді міне, мына бір адамның мені жан-тәнімен қалайтынын сезіну деген неткен керемет еді!

Оны күнде қалап тұрамын, аймалағанын сағанып тұрамын. Ол жоқта соны ойлап, тәтті сезімге беріліп, төсектегі сәттерімізді көз алдыма елестетемін.

Енді күйеуіммен жатқым да келмейді

Басым ауырып тұр, белім ауырып тұр деп сылтауратамын. Үшінші сылтауымнан кейін ол «қойшы-ей» дейді де, алып ұрып, қинап шаруасын тындыратын болды. Ондай кезде көзімді жұмып алып, күйеуімнің дегеніне көніп, ісін бітіргенше демімді тартып жата беремін.

Көз алдыма Жасұланды елестетемін. Мен оның көзіне шөп салып жатырмын. Ол мені ажырасқан деп ойлайды. Маған сеніп жүр. Не болып кетті өзі? Әлде, күйеуімнің көзіне шөп салып жүрмін бе? Өзім де түсінбей қалдым.

Күйеуіммен айырылысайын десем, қызым бар. Бірақ, үй жоқ, күй жоқ, жағдайымыз мынау.

Жасұлан да маған тұрмысқа шық, бірге болайық деген сөз айтқан емес. Бірақ сүйетінін айтады, ешкімге бермеймін деген кездерінде ішім жылып қалатын.

Екі оттың ортасында жүрмін. Кейде ештеңені ойлағым келмейді. Бірақ шындықтан құтыла алмайды екенсің. Не істеуім керек? Басым қатты…
https://kaz.365info.kz/taksist-bolu-degen-osy-bauyrym-259971
Сәлеммен, С.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз