Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Өмірбек Текебаев жақтастары аштық акциясын тоқтатты

31 шілдеде басталған аштық акциясына бес адам қатысты. Аштық “Ата Мекен” партиясының Бішкектегі кеңсесінде өтті. Кейін, 3 тамызда оларға Текебаевтың Базар-Коргон ауданындағы бес жақтасы қосылды.

Аштық аяқталар қарсаңында, 10 тамызда Орталық сайлау комиссиясы “Ата Мекен” партиясының жетекшісіне мемлекеттік тіл емтиханын тапсыруға жағдай жасаудан бас тартты. Тіл сынағын президенттіктен үміткерлердің барлығы тапсыруы тиіс. Өмірбек Текебаев мемлекет басшысы қызметіне 18 маусымда өзін-өзі ұсынған.

Бұл уақытта, Бішкектегі Первомай аудандық сотында Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дүйшенкул Чотоновтың ісіне қатысты сот жүріп жатыр. Оларды жемқорлық қылмысы үшін айыптап отыр. Прокурор Текебаевқа 10 жыл, Чотоновқа 8 жыл беруін сұраған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз