Омбы облысының тұрғындары жаппай Қазақстан мен Украинаға көшіп жатыр, – деп хабарлайды “Омск здесь” басылымы.
Омбы облысының мемлекеттік статистиканың федералды қызметінің мамандары жүргізген зерттеу осындай қорытынды көрсеткен.
“2017 жылғы көші-қон көрсеткіштері бойынша 4721 омбылық Қазақстанға, Арменияға 323 және Украинаға 696 адам көшкен. Сонымен қатар, 320 омбылық Германияға, 21 адам Вьетнамға, 27 адам Грузияға, 20 адам АҚШ-қа және 11 адам Канадаға қоныс аударған”, – деп жазады басылым.
“Омбыны тастап кетіп жатқандардың басым бөлігі еңбек жасындағы адамдар”, – деп жазады басылым.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2017 жылы Казақстанға 35 680 азамат қоныс аударған.