Алматыда жалдамалы пәтерден жаман иіс шығып, полициялар есікті бұзып кірді.
Үйде ешкім болмаған, тексеру кезінде тоңазытқыштан екі баланың өлі денесі табылды
деп хабарлады жергілікті тұрғындардың куәлік етуін алға тартқан Tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға орын алған пәтер Алматының Түріксіб ауданында орналасқан. Пәтерді үш шиттей баласы бар әйел жалға алып, тұрып жатқан. Баланың үлкені – төртте, ортаншысы – бір жарымда, ал кішісі әлі бірге де толмапты.
Тоңазытқыштан табылған дене – кіші екі баланікі. Ал үлкен баласы мен әйел ізім-қайым жоқ. Өз кезегінде құқық қорғау органдарының өкілдері бұл мәліметті растады. Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.