Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Өліп бара жатып, қаскөйдің атын атады”. Шымкентте мұғалімді пышақтаған жігіт ұсталды

Әпкем көз жұмбай тұрып оны өлтірген адамның атын айтты.

Кіші қызы көршілерге көмек сұрауға барды. Бірақ жедел жәрдем шақырғанша әпкем қайтыс болды. Полицейлер көрші үйге барды. Сол үйдің қабырғасы қан болып тұрғанын көрді. Күдікті терезе арқылы қашып кеткен. Жігітті келесі күні түнде вокзалдан тапты”, – дейді қайтыс болған әйелдің туысы Руслан Елікбаев.

Оның айтуынша, 46 жастағы әйелдің артында екі ұлы мен асыранды қызы қалды.

“Оның өмірі қиын болды. Балаларды өзі асырады, күйеуі қайтыс болған. Мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Психолог болып та жұмыс істеген болатын”, – дейді Елікбаев.

Қазір 23 жастағы күдікті ұсталды.

“2017 жылдың 15-тамызында сағат 01.30-да Қазығұрт ауданының ІІБ кезекші бөліміне ауылдардың бірінде қылмыс жасалғаны жайлы хабарлама келді. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының қызметкерлері үйден пышақ жарақатын алған әйелді тапты. Ол сол ауылдың 1971 жылғы жергілікті тұрғыны болып шықты”, – деп хабарлады ОҚО ІІД өкілдері.

Полицейлер бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша (“Адам өлтiру”) сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеді. “Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 1994 жылғы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр”, – деп хабарлады полициядағылар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз