Осыдан 17 жыл бұрын 11 қыркүйек күні, әлемнің саяси сахнасына үлкен бетбұрыс жасаған оқыс оқиға болды. Ол – АҚШ-қа қарсы жасалған теракт. Оны кім ұйымдастырды, кім жасады? Бұл әлі күнге нақты жұмбағы ашылмаған дүние. Тек болжамдар ғана айтылады.
Тілге тиек еткіміз келген жайт ол емес. Айтқымыз келгені,
11 деген санның өзегінде бір тылсым күштің тығылып жатқаны жөнінде.
Соны тарқатып көрелік.
Сондай-ақ үнді нумерологтары қаланың тарихына да зерттеу жүргізіпті. Сөйтсе, Нью-Йорк Америка Құрама Штаттарына есеп бойынша 11-ші болып еніпті. Ал қос мұнара (кей жерде егіз мұнара деп жатады) орналасқан Манхэттен аралы ХVII ғасырда 11 қыркүйек күні ағылшын теңіз саяхатшысы Генри Гудзон ашқан екен. Қаланың ағылшынша жазылатын транскрипциясына назар аударатын болсақ та (New York City) 11 деген сан шығады. Бұдан кейін АҚШ «бізге шабуыл жасады» деп зымырандық соққы беріп, басып кірген ел – Ауғанстан да ағылшынша жазылғанда (Afghanistan) 11 саны шығып тұр. Ал сол 11 қыркүйек күні үшінші бір ұшақ құлаған Пентагонның (АҚШ Қорғаныс министрлігі орталығы) ағылшынша нұсқасына қарайтын болсақ, (the Pentagon) 11 деген санды көреміз. Тіпті егіз мұнараның өзі алыстан 11 деген санға ұқсап тұрады екен.
«Яғни арғы-бергі тарихы тек 11 деген саннан тұратын бұл қос мұнара әу баста-ақ, қасірет пен қайғының белгісі болған. Оны былайғы жұрт біле бермейді. Нумерология заңдылығына сүйенетін болсақ, түбі ол апатқа ұшырауы тиіс еді. Ақыры солай болды»,
деседі нумерологтар.
Атақты Каббалада: 11 саны екі бағанадан тұрады, «бұл ашу-ыза, соқыр қара күш деген мағына береді», деп айтылған.
Яғни,
11 саны өлім белгісі, бақилық жолға алып баратын қақпа ретінде айтылады.
Демек 11 деген саннан аулақ жүрген дұрыс секілді.
Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/olim-belgisi-zhakhyn-arada-oletin-adamnyn-belgileri-bolady-eken-292870