Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
15
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Өлдіге саналған азамат табылды, бірақ ол отбасымен кездесуден бас тартқан

Бұл туралы Ақтөбе облысы прокуратура аппаратының жетекшісі Жасұлан Дәулембаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан ер адам құқықтық қызметтер орталығы қызметіне жүгініп, құжаттарын дұрыстап, тұрғылықты мекенін белгілеуге көмектесуді сұраған. Оны әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырып, құжаттарын түгендеу ісі басталып кетті.

Ережеге сәйкес, оған жауап берілген хаттың көшірмесі өзі бұрын тұрған мекен-жайы – Оралға кері жолданған. Осы кезде күтпеген оқиға орын алыпты.

“Күтпеген жерден бізге ол кісінің қызымын деп таныстырған әйел қоңырау шалды. Ол әкесінің 10 жылдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз кетіп, сот арқылы оны „өлді„ деп танитын құжат алып үлгергендерін айтты. Сөйтсек ер адам отбасынан өз еркімен кеткені, белгілі бір уақытта Ресейде тұрып, сол жерде қылмыс жасап, жаза өтегені анықталды”, — деп жазды Дәулембаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Қызы әкесінің табылғанына қуанып, оны алып кеткісі келіпті. Бірақ ол туыстарымен кездесуден бас тартты.

“Біздің ол кісінің жеке өміріне араласуға құқығымыз жоқ. Әрине, өкінішті. Өз жақындарыңызды бағалай да, аялай да біліңіздер”, — деп түйді аппарат басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз