Қазақстанда ішіңді босату үшін де қалтаңды қағады. Ал Қарағандыдағы мына бір дәретхананың сапасы тым күшті секілді. Бағасына қарап айтып жатқанымыз ғой. Бақандай 200 теңге!
Қымбат әжетхананың суреті қазір әлеуметтік желіде көптеп тарап жатыр.
«Біздің қалада 200 теңгелік әжетхана бар екен. Ал донер сатып алатындарға ол тегін. Мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Не деген бассыздық? Әлде біреудің мазағы ма бұл? Әлде сол әжетханаға барып, мүмкін тексеріп көрелік, бағасына өзі сай ма екен?», — деп осы суретті желіге жүктеген автор оның базар маңында орналасқанын айтуды ұмытпапты.
Ал желідегілер осылай ақша тапқан кәсіпкердің тапқырлығын мазақ еткен.