Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Сондай қыздар күтіп тұр…”. Белгілі блогер діншілдердің әлсіз жерін айтып салды (видео)

310

Сіз қалай ойлайсыз, молданың былай айтқанының өзі нәпсі қуу, нәпсіні қоздыру емес пе? Осындай уағыздарды сәл жұмсартып, әзір жанымызда жүрген жер бетіндегі әйел баласының көңіліне келмейтін етіп айтуға болмады ма екен? Дінге қарсылығымыз жоқ, өзіміз де мұсылманбыз. Бірақ, осы уағыздарды заманның ағымына, адамның көзқарасына, қабылдауына қарай бейімдеуге болмас па?

Одан бұрын уағыз айтып отырған адамның түрі де, сөз саптасы да ұнамады. Уағыз айту үшін сөз байлығы, ел алдында өзін-өзі ұстау мәдениеті, сөз мәдениеті болу керек еді ғой…

Видеосы, міне. Алдымен көріп алыңыз.

https://www.instagram.com/p/BWHDCmilLVB/

Көрген болсаңыз, осы… Солай дейді.  Бұдан туындайтын сауал әйелді адамға теңемеу түсінігі қайдан шыққан? Осы дұрыс па өзі?

Осылай ойланып отырғанда әлеуметтік желідегі белсенді блогер Ардақ Әшімованың жазбасына көзіміз түсті. “Сүмелек әйел қай еркекке ұнамайды дейсіз, ол барлық еркектерге ұнайды” дейді блогер. Автордың жазбасын қаз-қалпында беріп отырмыз.

Айтуынша, жеке парақшасына діншілдер өте көп шығады екен.

“Кейбіреулері Әбдіғаппар Смановтың уағызын тыңдайтын фанаттар мен сопы деген атты жамылып алған сопы сымақтарда менің әйел екенімді бетіме жиі басып, дін мен хадистерде осылай әйелдер туралы жазылған деп кемсітіп отырады.

Солай жазылғанына сіздермен ешқандай дауым жоқ. Рас айтасыздар, дін үшін ең басты және өте қауіпті жаратылыс иесі ол – әйел заты. Егер әйел сауатты, көзі ашық, көкірегі сайрап тұрса және логикасы жақсы дамыған болса “общем” діншілдер үшін “капец”

дейді Әшімова.

Блогердің пікірінше, діншілдерге өте ыңғайлы әйелдер мынандай талаптарға сай болуы керек:

1. Дінде солай деп айтылған десе, ойланбай дәл солай қабылдау керек.

2. Кез – келген еркектің талабын, құдайдың бұйрығы ретінде қабылдау.

3. Өзін еркектің қабырғасынан жаратылғанына ешқандай күмән келтірмей жан-тәнімен сену.

4. Өзін нашар жаратылыс екенін мойындау.

5. Еркекке бой ұсынып, күңге айналу.

6. Тек діни кітаптармен ғана сауатын ашу.

7. Сананы дамытатын кітаптарды оқымау.

8. Логикадан мақұрым болу.

9. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа деген талапқа барынша сай болу.

10. Қамыр сияқты илегенге көну.

11. Сүмелек болу.

12. Осылай әрі қарай жалғасып кете береді…

“Әрине сүмелек әйел қай еркекке ұнамайды дейсіз, ол барлық еркектерге ұнайды. Діншілдер үшін осы талаптарға сай әйелдер өте ыңғайлы және қоғамды да түнек бұрышына оңай тығады”,

деген екен блогер.

Сіз қалай ойлайсыз? Діншілдерді дұрыс айта ма, әлде блогер-әйелдің сөзінде шындық бар ма?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз