Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Оларға сенбеңдер!”. Ғарифолла Есім қандай шындықты айтты?

135

Қызыл империяның идеологиялық құрсауында өскен бізден ақсақалдық шықпай жатыр.

Біз коммунистік тәрбие алдық. Мойындау керек. Алайда арамызда ата-дәстүрден алыстамаған азаматтар баршылық. Солар қазіргі күні ақсақалдар, билер кеңесін құрып жастарға жол көрсетіп жатқан жайы бар. Сонда да болса, осы біздерге, ақсақалдарға қарағанда, жастарымыз әлдеқайда ілгері ме деп ойлаймыз. Бізден қарағанда, ой-өрісі алда.

Қанша дегенмен Тәуелсіздік заманында туды ғой. Алды орда бұзар отызға жақын қалды. Негізінде, «көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» деген мақал дәл қазір өзекті. Қазір жастар көп көріп, ойланып-толғанып жатады.” дейді Есім. 

Өтіріктен құралған өмір 

Оның бұлай деуі тегін емес? Бір сөзі есімізде. Жүрегінен шыққан сөзі…

“Біз тәуелсіздікке 1991 жылы келгенде, санада серпіліс жасай алмадық. Санаға тазалық енгізе алмай қалдық.

Тәуелсіздік деген не? Тәуелсіздік деген өтіріктен арылу деген сөз.

Тәуелсіздікке дейін мектептерде, пионер, комсомол, партия ұйымдарында, институттарда, ылғи өтірік айтылды. Шығармалар да өтірікке құрылды. Москвада болып жатқан съездерде де өтірік айтылды. Мысалы, Хрущевтың кезінде былай айтылды,

1980 жылы Совет одағында коммунизм құрылады деп.

Коммунизм деген не ішсең де, жесең де өз еркің деген сөз. Бәріне солай өтірік айтылып, өтірік өрттей қаулап тұрды. Міне, менің ертегіден шыға алмай жүргенім сол.

Ертегі – таза. Ертегіден шықсам, өтірікке кірейін деп тұрмын. Бірақ, бала кезімде оны казіргідей сезінбеген шығармын. Бірақ, сол өтіріктің ішіне ақыры кірдік. Сонда өтірік қай салада болды, ілімде болды, саясатта, ғылымда, идеологияда болды. Әлі арыла алмай келе жатырмыз”, – деген ол.

Және…

Және жастарға жаны ашитынын айтқан. 

“Қай нәрсе рас, рас емес дегенді анықтау қиын болып кетті. Бір кісілер отырып алып, социализмді мақтайды. Бір кісі отырып алып, Ленинді мақтайды. Бір кісі Сталинді мақтайды. Бұл қазіргі заманға мүлде келмейтін нәрселер. Тазара алмадық. Бұдан қалай тазара аламыз? Менің басты қайғым – сананың тазаруы.

Менің датым – сананы тәуелсіз ету… Мен осы бағытта жазып жүрмін. Осыдан досты да, қасты да тауып отырмын. Бірақ, мен бағытымнан қайтпаймын. Санада бір серпіліс болмай қойды. Барлығы араласып кетті.

Шекспирдің «Король Лирінде» айтады:

«Міне сот отыр, міне жазалаушы отыр. Жарық сөніп қалды. Ал, енді екеуі орын ауыстырды. Енді қайсысы сот, қайсысы жазалаушы? Анықташы?!» дейді.

Қай адамның сөзі жақсы, қай адамның сөзі жаман деген сөз. Осы мәселені анықтау үшін Маркс, Ленин, Сталин дегендер біздер үшін қателік болды. Қазақтарға қырғын әкелді. Мен сол туралы роман жаздым, «Социализм – күнә және кінә» деген. Қабылдамай жатқандары да бар.

Қабылдамайтындары – социализм кезінде нанға май жағып, оның үстіне икра жағып жегендер. Солар саясат жүргізіп отыр, саясатта отыр. Енді олар өздерінің жақтастарын дайындап жатыр. Міне, мәселе қайда?!

Менің зиялы қауымға көңілім толмайды. Өтіріктен шыға алмай отыр”, – деген-тұғын философ Әдебиет порталына берген сұхбатында. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз