Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Олардың жазығы не? Сандық ішінен екі баланың мәйіті табылды

Балалардың денелері таза. Тек менің ұлымның бір беті ойылып тұрып жараланған. Бірақ қан жоқ. Мен балаларды біреу өлтіріп, қылмысын жасыру үшін сандыққа әкеліп салып кеткеніне сенімдімін. Себебі, сандық кішкентай, екі бала өздігімен сыймайды. Бөлменің ортасындағы қан іздері қайдан шықты бәрі жұмбақ? Бір сұрайтыным, полиция қылмыскерлерді тауып жазаласа екен. Мен әкемін, олардың да баласы бар ғой. Тәртіп сақшылары «балалар тығылмақ ойнап сандықта жасырынған, сосын шыға алмай қалып тұншығып өлді. Ана қан ауа жетпеген соң мұрындарынан аққан», – деді қайғы жұтқан әке Дулат Әкімжанұлы.

«Полиция бірнеше жайтты ескерулері қажет. Жетінші мамыр күні баламды сегізінші сынып оқушысы қылқындырып, талдырған. Ес-түсін білмейтін Ермекті аудандық ауруханаға апарып бетін бері қаратып, учаскелік инспекторға арыз жаздық. Сол іс ақыры қозғалмады. Менің күдігім сол, үлкен балалар әлімжетік жасады ма?”, – дейді Дулат.

Аталған оқиғаға қатысты Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «мәйіттің табылуы» деген баппен қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмысы басталып кеткен.

«Екі баланың өліміне қатысты бірнеше сараптама дайындалды. Осы сапартамалардың нәтижелерінен соң ғана оқушылардың неден қайтыс болғаны туралы нақты айта аламыз. Ата-ананың қайғысын түсінеміз. Бәрімізге ауыр. Полиция заң шеңберінде ғана жұмыс жасайды. Аталған іс департамент басшыларының бақылауында», – деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметкері Көбейхан Нұрахмет.

Ал қайтыс болған оқушылардың денелері 15 мамыр күні Ащысай ауылында жерленді. Көршілері де екі баланың сабырлы болғанын және ойнап жүріп сандыққа жасырынып қайтыс болулары мүмкін дегенге сенбейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз