Атақты “91” тобына қатысты тағы да дау шықты. Бұл жолы жасөспірім сүйікті әншілері үшін ата-анасын өлтіруге де дайын екенін желідегі пікірі арқылы білдірген.
Бұл пікірдің фотосын өзінің Инстаграм парақшасына танымыл журналист Ерқанат Көпжасар еш пікірсіз жариялады деп хабарлады Ernur.kz.
Осы кезге дейін ол топты жақтаған түрлі пікірлер болған. Бірақ мына пікір тіпті елді шошытты.
Жазбасына сүйенсек,
жасөспірімнің түсінігі бойынша, 91-тобы болмаса ел әлі есек боп жүреді екен, ал оны жек көретіндердің басы дұрыс жұмыс істемейді. Оны қойшы, ол бұл топты қатты жақсы көретіні соншалықты, олар үшін әке-шешесіне қол жұмсауға дайын көрінеді.
Сондықтан жазба бірден назарға ілігіп, желі қолданушылары аз уақыт ішінде өз ақылдарын айтқан.
https://kaz.365info.kz/ninety-one-men-uahabister-91-toby-ne-yshin-khyrylgan-282804
Көпшілік жасөспірімге алаңдаушылық білдіріп, тәрбиесіне ата-анасының көңіл бөлуі керек екенін айтты.