Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Олар соған күйінеді”. Сарапшы орыс шовинистерінің әлсіз жерін айтты

112

“Кейбіреуге отанын сүю аз. Олар сонымен бірге әлдекімдерді жек көруі керек. Әлдекімдерге соқтығысуы, әлдекімдерді кеудеден итеруі қажет.  Бұл патриоттыққа жата ма? Жоға! Таза ксенофобия. Мұның алдын алуға тиіспіз. Алмадық екен, ертең сазайын тартамыз. Мұндай ұр да жықтардың ұранын өз қолайына пайдаланып, саяси мақсаттқа қолданғысы келетіндер тасада тығылып отыр”, – дейді ол.

Орыстар “аға” емес

Қош делік, әрі қарай әлеуметтанушы ұлтшыл-патриоттардың қандай екенін, қандай ұрандарды көтеретінін тілге тиек етіпті. Айтуынша, ұлтшылдардың көпшілігі өткенді қопаруға құштар. Өткен дәуірдің шиқанын жарып, сыздатқысы келеді. Әсіресе, кейбір орыстілді қазақтар мен орыс ұлтшылдарының ұстанымы осындай.

“Кеңес уақытында қазіргіге қарағанда тұрмысымыз түзу еді. Алайда сұмпайы Батыстың саясаты КСРО-ны құлатып тынды. Енді не тұрыс? Жоғалтқанымызды түгендейік, айырылғанымызды қайтарайық. Империя құрамына кірген қазіргі тәуелсіз мемлекеттерді қайта біріктірейік” дейді мұндайлар. Бұл не? Бұл синдром. Постимпериялық синдром”, – дейді Есенғараев.

Әлеуметтанушы осы арада қызық тұжырымды алға тартыпты. Оның пікірінше, империя құлағасын орыстар өзге ұлттарға “аға” болған құқығынан да айырылды. Олардың жанын жегідей жейтін осы жайт.

“Бірақ, бұл орысқа ғана тән емес. Олардың орнында қазақтар, украиндар немесе латыштар болса да дәл осындай синдромды бастан өткерер еді”.

Есенғараев атын айтпағанмен, Путинге де тиісе кетіпті. Айтуынша, Ресей президенті көне дәуірде билік құрған патшаларға қатты ұқсайды.

“Иә, рас. Түсінігі біртүрлі. Күлкіні келтіреді. Өзіңіз ойлаңызшы, қазіргі заманда бір мемлекетті басып алғаннан кім, не ұтады? Экспансияның дәуірі өткен алдаған. Экономикалық тұрғыдан тиімсіз бұл. Пайдасыз”

– дейді ол.

Кеңес дәуірінде қазақтарға қарсы астыртын саясат жүргізілген бе?

Жоқ. Есенғараевтың айтуынша, бұл да синдром.

“Иә, ұлтшылдардың не дейтінін білем. “30-шы жылдары қазақтарды қасақана құртты” дейді. Қателеседі. Қазақпен қатар орысты да, украинды да, еврейді де, татарды да аяған жоқ. Қайда дәлел? Қазаққа қарсы қасақана саясат жүргізді деген бір жапырақ қағаз, дәлел бар ма? Біздің ұлтшылдар қызық. Қазіргі күннің мәселесімен айналысудың орнына, өткенді қопарады. Қою керек қой. Айтпасын демеймін, айтсын. Өткенмен өмір сүруге болмайды. Бұл да аурудың белгісі. Психологиялық ауру” дейді әлеуметтанушы.

Жарайды, солай делік. Бірақ, бұдан шығар жол бар ма? Бар. Есенғараевтың айтуынша, постимпериялық, постколониалдық синдромнан арылу үшін оны еңсеру қажет. Одан биік тұрған абзал.

Өз тарапымыздан…

Жарайды, солай делік. Мұны тыңдайтын адам бар ма, алайда? Айталық, орыс шовинистері бұған не дер екен? Мемлекеттік тілде сөйлеуді талап ететіндерді, қазақ тілінің мүддесі үшін күресетіндерді “нацпат” кемсітетіндерін қайда қоямыз?

Саясаттанушы Айдос Сарым бір сөзінде осы “нацпат” деген сөздің аражігін ашқан еді.

“Нацпат дегендері национал-патриот болса бір сәрі. Бұлар осы арқылы бізді кемсіткісі келеді. Ақыл-есі дұрыс ауған деп көрсеткісі келеді. Патологияға теңейді. Айталық, психопат, социопат дегендей. Көрдіңіз бе? Олар солай ойлайды. Бұл Кеңестік кезеңнен қалған психология…” деген еді Сарым.
https://kaz.365info.kz/natsispin-khajtesin-endi-zhurnalist-lazzat-sakhieva-shyndykhty-estidi-264826

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз