Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

«Олар пәле ғой…». Астаналық қыз «қу южанкалармен» қалай күресіп жүргенін айтты

225

Ол маған қызық әңгіме айтты. Астанаға жан-жақтан топырлап келіп жатқан жап-жас қыздардың қандай жолмен «көтерілуіне» болатынына қатысты сыр ақтарды.

Оның айтуынша, Астанаға сырттан келген кез-келген түрі әдемі қыз ең алдымен өмірде жолы болып, жетістікке жетуді көздейді екен.
https://kaz.365info.kz/ony-ajelinen-khatty-khyzganamyn-astanalykh-zhas-tokhal-syryn-akhtardy-272082
«Олардың басты мақсаты – қалталы, билікке жақын бай еркекпен танысу. Соңғы кездері мұның өзі өте қиын болып барады. Бастапқы кезеңде оңтүстіктен келген «қу южанкалармен» бәсекелесу үшін өз ақшаңды жұмсауың керек. Еркектердің көзіне түсу үшін жақсы киініп, сұлулық салондарына жиі барып тұру керек. Сосын жұмыстан шаршап шыққан ұсақ шенеуніктер мен кеңсе менеджерлерінің назарын аударуға бағытталған түрлі қулықтарды меңгеруі керек», – деді ол.

Аиданың сөзінше, ең жақсысы – басшылармен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істеу. Сол себепті

Астанадағы қаптаған министрліктер мен ұлттық компанияларда жұмыс істейтін жас қыздардың бар арманы – бастығына неғұрлым жақын жүріп, онымен қайтсе де төсектес болу.

Сол үшін олар көмекші, не қабылдау бөлмесінде хатшы болуға ұмтылады.

«Крышасының болуы тоқалдың карьера жасауына көп көмектеседі, ақша, бонустары көп болады. Айтпақшы, қазіргі тоқалдардың көбі – бұрын тұрмыста болған қыздар. Кейбіреуінің балалары да бар. Олар балаларын әке-шешесіне тастайды, өйткені қожайыны кез-келген сәтте саунаға шақыруы мүмкін. Жалпы, Астанадағы бай шенеуніктерге тоқал болу оңай емес.

Тоқалдар кез-келген сәтте жыныстық қатынасқа түсуге дайын тұруы керек, тіпті кабинет ішіндегі 2-3 минуттық қатынас болса да»,

деп күрсінді ол.

Баратын жеріне келген Аида жап-жаңа норка шубасын киіп, мәшинеден түсуге ыңғайланды. Сосын «қазір онда тұрған ештеңе жоқ. Қазір баяғыдай киноға барып, романтикалық кештерде қыдыру сәннен қалған. Оған уақыт та жоқ ешкімде. Қазір қыздарға еркектердің қалтасын барынша пайдаланып қалу керек. Көзіңді сен сүзбесең, южанка-конкуренттерің алдыңды орап кетеді», деді.
https://kaz.365info.kz/astanada-zina-or-adamdar-nege-k-p-myna-yz-bireudi-k-jeuimen-zh-redi-eken-226175
Марат Ғалиев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз