Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Ол қызды танымаймын”. Рената Нұрғазина өзін ұстап берген қыз туралы пікір білдірді

“Сол сияқты қыздар не үшін ойына келгенін жасап, видео түсіріп, Instagram желісіне салады?” – деп жазыпты”, – дейді Рената.

“Қарағанды аруы – 2015” оқиғаның мән-жайын айтты.

“Полиция мені 8 наурызда тоқтатып, сұрақтың астына алды, үнемі солай болады ғой өзі. Әлгі оқырман қыз менің үстімнен министрлікке шағым түсіріпті. Енді қылмыстық іс қозғап жатыр”, – деді ол.

Нұрғазина өзінің үстінен шағымданған қызды танымайтынын айтты.

“Әлгі қызға не істедім сонша, кім екенін де танымаймын, енді мәселе де көбейді. Жақында Instagram-нан жоқ болып кететін шығармын. Бүгін полиция бөлімшесінде күні бойы болдым, менімен әлбетте қатаң түрде әңгімелесті. Енді Stories шығармайтын болдым”, – деді Рената.

Естеріңізге салайық, Қарағандының ең сұлу қызын жол полициясы қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатқан еді. Нұрғазина полицияның барлық әрекетін видеоға түсіріп, балағат сөз жазып, желіге шығарып қойған болатын.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/shatakh-khyz-eken-miss-kharagandy-2015-sottalajyn-dep-zhatyr-311156

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз