Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Ол – қазақ екен». «Эйр Астана» мас күйінде ұшаққа отырған ұшқышты жұмыстан шығарды

Айта кету керек, 20 шілде күні «Эйр Астана» рейсі Амстердамнан ұшпай қалған болатын.

Скипхол әуежайында екінші ұшқыш Сұлтан Нұрмағамбетов алкогольді тексеру тестінен өтпей қалды.

Жүргізілген талдаулар нәтижесінде оның мас екені анықталды.

Ұшқыш еуропалық заңға сәйкес айыппұл төлеген соң, Алматыға жіберілді.

Осыған байланысты «Эйр Астана» Амстердам-Атырау бағытындағы KC 904, Атырау-Алматы бағытындағы KC 890 әуе рейстерінің ұшуына тыйым салды. Әуе тасымалдаушысының агенттері жолаушылардың билеттерін 21 шілдеге ауыстырып берді.

«Эйр Астана» ұшу құрамының ішімдік ішіп, есірткі шегуіне түбегейлі қарсы. Үнемі осы бағытта тесттер өткізіліп тұрады. Біздің компанияда басты басымдық қауіпсіздікке беріледі. Қалыптасқан қауіпсіздік мәдениетіне сәйкес қауіпті төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бұл жайлы компания басшылығына да мәлім етіледі», – деді компанияның ұшу өндірісі директоры Игорь Сегедин.

Компания басшылығы бұл төтенше жағдайдан жапа шеккен жолаушылар customer.relations@airastana.com сайты арқылы өтемақы ала алатынын ескертті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз