Мерекелік кешке арнайы тіктірілген көйлектер киіп суреттер жариялаған Мадина Сәдуақасовадан желідегілер күдіктеніп қалған еді.
Әнші екінші баласына ауыр екен деген болжамдар айтылып, оқырмандарын біраз шулатқан әнші желідегілердің тағатын тауыспай болжамдарға өзі жауап қатты.
https://kaz.365info.kz/dongelenip-tyr-zhankyjerleri-madina-saduakhasovadan-kydiktenip-khaldy-foto-303240
“Тілек, ниет, баталарыңыздан айналдым. Жақсы сөз – жарым ырыс, әумин дейміз. Бірақ әзірге жүкті емеспін”, – деп бөлісті ол.
Десе де, болашақта жақсы жаңалықтарды алғашқы болып естиміз деген үмітіміз бар.
https://kaz.365info.kz/endi-magan-zhakhyndap-korsin-ashuly-makhpal-zhynisova-madinany-nege-zhylkhyganyn-ajtty-292314
Естеріңізге сала кетейік, Мадина Сәдуақасова 2014 жылы тұңғыш ұлын босанған еді. Әнші кейінгі сұқбаттарында жарының қыз қалап жүргендігін бірнеше рет айтқан болатын.
Ал, жанкүйерлері мен тыңдармандарын әнші бұлай күдік туғызғандығы алғаш рет емес.
https://www.youtube.com/watch?v=FRBc8y0jlVQ