Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ол әйел менің күйеуімді дуалап алыпты…(фото)

233

Мен түнгі кезекке жұмысқа кеткенде күйеуім соған баратын көрінеді. Ол əйелге барып: “сен менің күйеуіммен жүреді екенсің ғой. Сен кім едің соншама” деп шу шығардым. Ол болса шімірікпестен “дәлелің бар ма” дейді.

Міндетті түрде дәлелдеймін дедім. Сол кезде күйеуім іссапарда жүрген. Мен оған хабарласып, жұмыстағы қыздармен бірге көлге баратынымды айттым. .Бірақ мен көлге барған жоқпын, киім-кешектерімді жинап апайымның үйіне барып бірнеше күн сонда болдым. Жұмыстағыларга да көлге кеттім дедім. Ол бірнеше рет звондады, телефонды өшіріп тастадым. Сосын кешке жақын түн батқан соң апайымды ертіп өз үй жағыма барып күйеуімнің үйден шыққанын күттім,  екі күн бойы андыдым. Әлі ол әйелге барған жоқ.

Сонымен үшінші күні не керек,  апайыма айттым кеттік тағы андиық деп, ол болды бармаймын,  өтірік ел-жұрт айта береді күйеуің ондай опасыздыққа барады деп ойламаймын деп сенбей қойды. Бармасаң қой деп киініп шығып кеттім. Сосын сол әйел тұратын үйдің алдында тығылып жүрдімғ  қарама-қарсы подъезд болатын, соган кіріп отырдым, түнгі бір болды. Жарықтың бəрі өшірулі. Бір кезде сол әйел тұратын үйге күйеуім кірді.Бірден бармадым. Жарты сағаттан соң кірдім, есікті тақылдатып едім ана қатын ашты. Баса көктеп кіріп ана катынды бетінен бірақ тырнап подъезге бірақ сүйредім,  бүкіл үйді басыма көшіріп ,  міне саған дəлел деп быт-шытын шығардым.

Арғы жақ бөлмеден күйеуім шығып келеді, бізді əрең тоқтатты. Ана катынның шашын жұлып,  қолына бердім. Сосын апайымды шақырдым, міне куйеу балаларыңыз қандай тірлік жасап жүр, маған сенбеп едіңіздер келіп өз көзіңмен көр дедім. .Апайым уйді басына көтеріп айғайлады. Анау әйел “сені күйеуің жақсы көрмейді” деп əңгіме айтты.  Ал күйеуім: “мен өз əйелімді жақсы көремін” дедеді де соңымнан еріп үйге келді. Үйге келген соң тағы айғай шу. Ертесінде жұмысқа бардым, ана әйелдің бетінен түк жоқ,  бейшара бастығыма барып мен шу шығарды деп айтыпты. Мен оның отбасымның шырқын бұзғанын жайып салдым.

Ол әйел менің күйеуімді дуалап алыпты деп естідім. Бірақ өзінің істегені алдынан шықты. қазір ол ауруханада жатыр. Басында ісік пайда болыпты. Ал күйеуім қазір үйден шықпайды.Бірақ әлі де тығылып сол әйелмен сөйлесетін сияқты. біздің арамыздағы жанжалды балалар да сезіп қалды. Күйеуімді іштей әлі кешірмедім. Ары қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін.

Жазба ВКонтактідегі Атамның басы-ай тобында қызу талқыланып жатыр.

Аноним 
Дереккөз: Алаш айнасы 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз