Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

Оқытушы Ұйғыр ауданының атын өзгертуді ұсынды

188

Ол сондай-ақ қазақтар мен ұйғырлардың бірлігі жайлы жазу сәнге айналып кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

«Әрине, оның өз орны болуы тиіс, бірақ көзге түсетіндей деңгейде емес. Қытайда қазақтар мен ұйғырлар мұндай бірлікті сезінбейді де – екеуі екі түрлі әлем. Қытайда болғанымда бұған нақты көз жеткіздім. Меніңше, бірлік туралы жергілікті қазақтарды және тұтас Қазақстанды дауға тарту үшін айтады. Түсініңіз, радикалды ұйғырлар өз мақсатына жету үшін барлығына барады. Ал олардың басты мақсаты біреу ғана – қалай да Қытайдан тәуелсіздігін алу.

Әрине, түріктердің бірлігі туралы сөз құлаққа жағымды естіледі. Бірақ оны Қытайдан мыңдаған киллометр қашықтықта Босфор жағалауында отырып айту бір басқа да, Қазақстанда, айдаһардың тұмсығының астында отырып айту мүлдем басқа. Оның бізге керегі не?», – деп сауал тастады ұстаз.

Руслан Түсіпбеков осы факторлардың барлығын ескере келе, ұйғырларға қандай да бір үміт сыйламау үшін ауданның атын дереу ауыстыруды ұсынды.

«Ешкімге үміт сыйлаудың керегі жоқ, өзіміз тыныш өмір сүрудің амалын қарастыруымыз керек, ол үшін Қытайдағы қазақтарды көшіріп, шекараны бекемдеп алу маңызды, ыңғайсыз атаулармен өзіміздің де, қытайлық жолдастардың да ашуына тиюдің керегі жоқ», – деп түйіндеді ойын ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз