Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-18
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Оқушы қызға «тиісті» деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді

179

Тергеуші менің саусақ іздерімді қасақана сараптамаға жібермеген. Менің еш күнәм жоқ, екі мектепте жұмыс істеймін, күніне 150 оқушыға сабақ беремін. Тақтаның дәл қасында 4 терезесі бар есік орналасқан. Коридорда жүрген кез келген адам кластағы жағдайды көре алады. Оқиға желтоқсан, қаңтар айларында болды деп көрсетілген. Онда суық болып оқушылар сырт киіммен отырды. Сот әділ шешім шығармады. А.Исахаев», – делінген.


Әкпар Исахаевтың заңды өкілі әрі баласы Ержан Исахаев кеше Қызылорда қаласындағы уақытша қамау абақтысында әкесімен кездескенде осы хатты қолына ұстатып жібергенін айтады.

«Әкем қатты ренжулі. Бостан-босқа, жазықсыз отырмын дейді. Біз енді істі қайта қарау үшін апелляцияға бердік. Айдың соңында қорытындысы белгілі болады. Үмітті үзбеймін, әділ үкім күтеміз», – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Қыз балаларға азғындық жасамақ болды» деп айыпталған қызылордалық мұғалім Әкпар Исахаевтың 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны жөнінде жазған еді. Алайда, оның қорғаушысы және жақындары, Белкөл ауылының тұрғындары 35 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздың үстінен тағылған айыппен келіспей отыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз