Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ОҚО-да жас жігіттерден таяқ жеген ақсақал Астанаға әділдік іздеп келді

Жетпістегі ақсақалдың айтуынша үш жігіт оны үйінен алдап әкетіп, күш көрсетіпті. Қарияны көлікке мінгізіп, ауылының сыртына шыққан бойда «тілшілерге ауылдағы проблемаларды неге айтасың» деп қоқан-лоққы көрсетіпті. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, полицейлер үш күдіктіні ұстаған. Алайда, көп ұзамай оларды бостандыққа жібере салған көрінеді.

Ақсақал жергілікті тәртіп сақшылары өзіне жәбір көрсеткендерге қатысты істі әдейі созбалаңға салып отыр деп отыр. Бас прокуратура мен Нұр Отанға шағымданған қария әділдік орнатпай тынбайтынын мәлімдеді. Ал мәжілістегілер бұл мәселені жіті тексермекші.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз