Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-11
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

ОҚО-да бір-бірімен пышақтасқан алты адам ауруханаға түсті

“Олар 27 қазан күні кешке түсті. Біреуі кеуде тұсынан жеңіл жараланған. Жалпы кеткен қан көлемі 2 литрге жуық. Екіншісі кеудесінің екі жағынан және жүрек тұсынан жарақат алған”, – деп хабарлады қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Тағы екеуі құрсақ қуысы жарақатымен түскен. Қазір олардың жағдайлары ауыр. Қалғандары болмашы жарақаттармен түскендіктен оларға ем-дом көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Бұл жағдайды облыстық ІІД растады. Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Төбелеске қатысушыларға қатысты “Бұзақылық” және “Денсаулыққа әдейі ауыр зиян келтіру” баптары бойынша іс қозғалды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз