Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ОҚО-да анасынан аяусыз таяқ жеген 7 жасар бала мүгедек болып қалуы мүмкін

Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша, аурухана баланы өздіктерінен оңалту орталықтарына жібере алмайды екен. Ол үшін Ордабасы аудандық білім бөлімінің мамандары іске араласуы керек.

“Қазір Асылдың жағдайымен тұрақты түрде хабардар болып отырмыз. Егер аурухана басшылығы оны шығарамыз десе, біз оңалту орталығына баланы алып баратын құжаттарды дайындауға кірісеміз”, – дейді білім бөлімінің әдіскері Бақберген Сәрсенбеков.

Маманның айтуынша, кей азаматтар демеушілік жасап, баланың ем-дом шығындарын көтеріп жатыр екен.

Еске салсақ, бұған 1986 жылғы әйелдің туған баласын аямай сабап тастап, баланың ес-түссіз жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені хабарланған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз