Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Өйткен патриотизмі құрысын…”. Қазақстаннан кетіп жатқандар кім?

188

Олар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес,

елден кетіп жатқандар, негізінен, дәрігерлер, экономистер, педагогтар мен техникалық мамандық иелері.

Сарапшылар білікті мамандардың жыраққа кетуін елден көшкен халықтың көбеюі кезінде тіркелгенін айтады. Мәселен, осы жылы елімізге жұмыс немесе білім іздеп, 12 мың адам келсе, керісінше, сыртқа ағылғандар саны екі жарым есеге көбейіп, 28 мыңнан асып кеткен. Биыл, шамамен, 5 мың техникалық, 2 жарым мың экономикалық маман және 1 мың 700 педагог басқа мемлекеттен пана тапқан. Көбісі, ТМД елдеріне көшіпті. Одан бөлек, мұхит асып кетіп жатқандары қаншама?..

Мен де кетем…

Бұлайша жөңкитіндей ел азаматтарына не күн туды? Бұл сауалға мамандар былайша жауап берді.

– Мысалы, АҚШ пен Канаданың  тұрғыны 100 мың адамнан аз, шағын қалалары мен елді-мекендерінде мұғалім мен тәрбишілер қатты жетіспейді.

Өйткені жас пен білікті кадрдың бәрі Вашингтонға, Нью-Йоркке немесе Оттава мен Ванкуверге ұмтылады. Бізде Астана мен Алматыға ағылған секілді. Аула тазалаушы мен ыдыс жуушылар туралы айтпай-ақ қояйын.

АҚШ пен Канадада жылына 36 мың доллар табыс табатындар қайыршы боп саналады.

Ол жақта айына 3000 долларға әрең күніңді көресін. Әрине, бұл америкалықтардың өлшемі бойынша. Ал үнемдеп өмір сүріп қалған біз, 3000 мың долларды бір емес, бірнеше айға жеткізуіміз мүмкін. Мұндай арзан жұмысшы күші кімді қызықтырмасын.

https://kaz.365info.kz/khazakh-khyzy-baskhaga-timej-khajtedi-khazakhstandy-igerip-zhatkhan-sheteldikter-eken-257760

Әрине, Қазақстан сапалы адам капиталынан айырылып қалып жатыр, бұл өкінішті әрі қорқынышты. Экономистер мен техникалық білімі бар мамандарға барлық жерде сұраныс жоғары. Сондықтан олар кете береді. Бірақ соңғы кездері мұғалімдер де көптеп кете бастады.

Менің таныстарым бар. 2002 жылдары АҚШ-пен Канадаға кеткен.

“Келсеңіз, мұндағы шағын қалалар Сізді құшақ жая қарсы алады”, дейді.

Қазір мен де ойланып жүрмін. Кетсем бе деймін. 40 жасыма дейін отбасымның қажеттілігін толықтай қанағаттандыра алмасам, бару керек деп ойлап қойдым, – деп жазды Facebook қолданушысы Самат.

Самат секілді шетелге кеткісі кеп, алаөкпе болып жүрген жастар бізде әлі көп екен. Біреуі оқуым бітсе десе, біреуі несиемді жауып алайын деп, тағы бірі туысқандарының қас-қабағына қарап, уақыт санап жүр. Өйткені олар өз еңбегінің дұрыс бағаланбайтынына наразы.

Бар бәле әріптестікте болып тұр…

Психолог Мира Байбекова бұл жастар ауылдан қалаға неге ағылады дегенмен бірдей дейді.

– Ауылда жұмыс жоқ, жайлы өмір сүру қалпы жоқ, содан соң, жастар қалаға ағылады. Ал қаладағылар шет тілін меңгеріп алған соң, шетелге кетеді. Әрине, дамыған елді ең дамыған елмен салыстыра алмайсыз ғой.

Ең дамыған елден келгендерге біздің Астана мен Алматының өзі “деревня” болып көрінеді. Қаланың сыртынан “дача” алып қойған секілді, өздері шетелде жүрсе де Астанадан және Алматыдан бір-бір пәтер алып қоюға тырысады. Өйткені қайтып келсем деген бір ой болады ғой. Бірақ онысы меніңше бос әурешілік.

Өйткені бұл арада азаматтық деген мәселе бар. Азаматтықты бірден бере салмайды. Оған жылдар бойына әрең дегенде қол жеткізеді. Ал әрең қол жеткізген азаматтықтан қалай бас тартып кете саласыз?.. Демек, кеткен адамның қайтуы екіталай. Бұл – бір.

https://kaz.365info.kz/khazakhstan-oligarhtary-otanyn-nege-satyp-zhyr-taza-khazakhkha-khashan-bajlykh-byjyrady-250314

Екіншіден, қалада барлығы жақсы, жайлы дейміз ғой. Бірақ бұл ауылдықтар үшін. Ал қалалықтар, әсіресе, көзі қарақы зиялы қауым басқа жерде бұдан да жайлы дүние барын көріп, біліп отыр ғой. Осында жүріп, бір жылда табатын табысты 3-4 айда таба алатын көреді. Одан соң, қазір ғаламдану заманы. Онда шек пен шекара жоқ.

Қазір әріптестік деген бар әр елдің жоғары оқу орындары, медициналық мекемелер арасында. Сол әріптестікті пайдаланып, ең жақсы деген студенттерді, ұстаздарды университет қабырғасын-ақ алып кетіп жатыр. Олар – Польша, Венгрия, Ресей, Германия, соңғы кездері азиялық елдер де қосылды: Малайзия, Жапония, Қытай, Сингапур және т.б.

Ал бұл нені білдіреді? Сапалы адам капиталына деген таластың айқын көрінісі. „Маған кел, жағдайыңды жасаймын„ деп аңталап тұр бәрі.

Ал біздің мемлекет ше?.. еңбек адамына қандай жағдай жасауда?.. Меніңше, жеткіліксіз жасап жатқандары. Әйтпесе, бұлайша сыртқа ағылу болмас еді. Сондықтан мемлекет осы бағыттағы саясатын күшейтуді қазірден қолына алуы керек деп ойлаймын.

https://kaz.365info.kz/ltty-bank-aza-standy-resejge-satyp-zhatyr-239438

Сондай-ақ психолог патриотизм дегеннің үлкен кісілерге жүрмейтінін айтады.

– Әдемі сөз, жақсы ұран – бұл максмалистік пайымдағы жастарға жақсы. Патриотизм деген желеумен оларды белгілі бір деңгейде ұстап тұруға болады. Бірақ отбасын құрып, орта жасқа келгендерге патриотизм деген желеу жүрмейді. Өйткені тепе-теңдік жоқ жерде барлық дүниенің бүлінетінін біледі ғой олар. Сананы болмыс билейді, солай емес пе?..

Сондықтан ондай кісілер еш ойланбастан елін, жерін тастап кете береді. Демек, саяси реформа керек, бізге…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз