Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Өйткен байы құрысын…”. Телевидение арқылы іздеу салған ер адамның әйелі табылды

Оның жоғалғаны туралы 34 жастағы күйеуі 30-желтоқсанда хабарлады. Содан кейін облыстық және аудандық полиция қызметкерлері іздеуді бастап кеткен.

Тіпті, күйеуі теледидар арқылы да жергілікті халықтан көмектесулерін сұраған.

“Қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні әйелдің Алғабастағы танысының үйінде тығылып жатқаны белгілі болды.

Оны Еңбекшіқазақ полиция бөлімшесіне әкеліп, бірнеше сұрақтар қойды. Сосын оның туыстарына хабарланды”, -дейді полиция қызметкері.

Қазір әйел Талдықорғандағы туыстарының үйінде тұрып жатыр.

Айта кетелік, Алматы облысында 24 жастағы келіншек мереке алдында үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған. Жақындары оны сабыла іздеген. Бірақ қанша тырысса да әйелді жер жұтып кеткендей. Ал онсыз да денсаулығының кемістігі бар балаларының жағдайы сәт сайын қиындап, күйеуі де ауырып қалған. Іздеуге жергілікті полиция сақшыларымен қатар журналистер де ат салысқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз