Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ойбай, Қытайда саған ғашық қыздар көп дейді”. Айтыскер қыз Димашқа өлең арнады (видео)

619

https://kaz.365info.kz/dimash-bir-zhenin-sypyryp-tastap-pop-oryndady-video-250721

Қытайда саған ғашық қыздар көп дейд
Ал сен ұлтын жүрекпен сүйген ерсің
Сондықтан да бәрімізді қызғандырмай
Ауылдың бір қызына үйленерсің

Игигай, игай-игай, игигигай-айййй, деп өлең жолын бір ораған ақын өз ойын ары қарай былай жалғастырды:

Айналайын, Құдай берген Димашым
Халық сенің өнеріңді сыйласын!
Додалардан мойыма
Сен күштісің, бойында
Қазақтың бар қасиетің жиғансың.

https://kaz.365info.kz/olar-seni-khyzganyp-zhyr-bolat-atabaev-dimashkha-sakh-boludy-eskertti-253359

Димаш десе бүкіл қазақ шулайды
Жапырақтай жүректері тулайды
Әкең әнші дүлдүлің
Шешең әнші бұлбұлың
Жақсылардан жаман бала тумайды.

Елге келіп, жасап жатыр кеңес-той
Еңбегіңмен жеткен жерін белес қой
Мықтысыңдар расында
Бірге жүрген қасыңда
Алпамыс та ұсақ жігіт емес қой

https://kaz.365info.kz/nagyz-dyldyl-khytajdyn-muzyka-mamany-dimashtyn-mykhty-ekenin-mojyndady-video-248760

Ұлы қорған салған жерден жылжымай
Жеңіс алып, жасадыңдар тосын-жай
Елін сүйген жүрекпен
Жерін сүйген жүрекпен
Әрбір бала болуы керек осындай!

Өнер деген жеке-дара жолың бар
Өркендеген өздеріңіз болыңдар
Додадаларда ту алған
Димаш үшін қуанған
Ағайындар, сендер де аман болыңдар!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз