Қазақ сахнасында өзіндік ерекше үнімен орын алған әнші Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Жасы отыздан асқан ару қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.
«Жақында. Сүйіктімнің өнерге қатысы бар-жоғын айта алмаймын. Тәуекел Мүсілім емес», — деп ағынан жарылды әнші.
“Бақытты бол”, “Расымен бе? Әлде пиар ма?”, “Сіз үшін қуаныштымыз”, “Бақытқа лайықсыз”, “Бәлкім олигарх шығар, Жанардың таңдауы бекер еркектерге түспейді ғой” – деген екен оқырмандар жарыса пікір жазып.