Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Оған бақытты болу жазбаған ба? Астанадағы бір қыздың тағдыры

199

Содан болар, оның “қыздары” да көп болатын. Әр қыздың басын бір қатырып жүргенін өзі мақтан тұтатын. Телефонындағы қыздардың есімдерінің тұсында «Айнұр банк», «Айгүл базар», «Нұрай медбике», «Әлия қисықаяқ» деген сияқты анықтамалары тұратын.

Бірде Талғат жолдастарын өзінің кезекті қызымен таныстырмақ болды. Біршама уақыттан соң үш дос отырған кафеге орташа бойлы, бидай өңді, денесі құлындай бір сүйкімді қыз кірді. Талғат орнынан атып тұрып, әдеттегі жылпостық мінезіне басып, қарсы алып, қолынан сүйіп, екінші қолына артында ұстап тұрған бір тал қызғалдақты ұсынды. Қыз амандасып, орындыққа жайғасты.

Есімі — Гүлшара екен. Ұқыпты киінген, шаш үлгісі де өзіне жарасымды, ұяңдау қыз Талғаттың достарының да көңілінен шықты. Талғаттың әзіл-қалжыңымен улап-шулап отырып, жақынырақ танысып, уақыттың қалай өткені білінбеді.

Осылайша олар кездесіп жүрді. Ара-тұра Талғаттың достарымен де араласып, талай отырыс, мейрамдарда бірге болып, бірге тойлады. Гүлшарамен жүріп жүрсе де, Талғат өзінің қыдыруын, қыздарға барғыштығын қоймады.

Бірде Талғат достарына Гүлшарамен төсектес болғанын айтып, пәктігінен айырғанын мақтанышпен жеткізді. Бірақ содан кейін Талғат Гүлшараны өздерінің отырыстарына бұрынғыдай ертпейтін болды. Бір айдан соң тіпті Гүлшараға хабарласуын да сиретті.

Гүлшараны бірде Талғаттың досы кездестірген: нәзік жымиғанымен мұңды жүзін жасыра алмады.

Ол жүкті болып қалғанын білген еді. Талғаттың тәтті сөздеріне, сүйем-күйеміне сеніп, алданғанын да білді.

Бірде Талғатты есігінің алдында күтіп тұрып,оның келуін күтті.

Мен сені сүймеймін, баланы өзің бірдеңе қыларсың. Маған үйленуге әлі ерте.

Сүйіктісінен мұндай сөздер естіген Гүлшараның көзінен ыстық тамшылар мөлтілдей домалады. Не айтарын білмей, бір орнынан қозғала алмады. Есін жиса, жалғыз өзі әлі тұр. Жан-дүниесі астан-кестен болған қыз ауылға, ата-анасына не айтарын білмеді. Жанына жақын тартып, болашақ жарым деп жүрген адамы осылай жасады.

Ол әбден ойланып, ішіндегі баласын алдыртпауға бел байлады. Емханаға барып, тіркеуге тұрып, медициналық комиссиядан өтіп жүргенде Ерланмен танысты. Хирург жігіт келбетті қызды ұнатып, араласа келе қатты жақсы көріп кетті. Жүрегі жаралы Гүлшара өзіне деген Ерланның ниетіне, қарым-қатынасына, сүйіспеншілігіне, қамқорлығына риза болып, оны да ұната бастаған еді. Үйленейік деген Ерланның ұсынысына, тұрмысқа шыға алмайтынын айтып, жүкті екенін айтты.

Гүлшара мен сені сүйемін, ешқашан бетіңе баспаймын, өз баламдай көремін, екеуіңе де қамқор боламын.

Сөйтіп, екі жас ата-аналарының алдынан өтіп, некелерін қидырып, тойларын күзде жасайтын болып, бірге тұра бастады. Ерлан өзі айтқандай-ақ Гүлшараны сыйлап, қамқор болды, балаларын күтіп, бақытты күндерді өткізіп жатты. Ерлан дүниеге келетін баланы өз баласындай асыға күтті. Көптен күткен күн де келді. Бала жаңа дүние есігін ашты.

Сол күндері ауылдан келген Ерланның анасы баланың өз немересі емес екенін білді. Бұдан кейін ата-енесінің Гүлшараға деген көзқарасы да өзгеріп шыға келді.

Қазымырлау енесі түрпектеп жүріп екеуін ақыры ажырастырып тынды.

Гүлшара баласын құшақтап Астанаға кетті. Ерлан жиі хабарласып, Гүлшараға қаржылай көмек жасап тұрады. “Ата-анаммен сөйлесемін, қайта қосылайық, сенсіз өмір жоқ”, – дейді жиі. Гүлшара Ерланның ата-анасының қарғысына қаламын ба деп қорқады. Оның үстіне, енді Ерланмен бірге болуына Гүлшараның анасы да қарсылығын білдіріп отыр. Қазір Гүлшара не істерін білмей, дал болып жүр. Сұрақ көп, жауап жоқ.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз