Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Облыстық мәслихат депутаттармен кездесу

Кездесуді облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер Сайын Қуанышев ашып, партияның сайлауалды бағдарламасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталғанын, қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған Ойыл өзенінің басты назарда болатындығын түсіндірді. Аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Айбар Алтыбаев аудандағы ХҚКО-да жасалып жатқан жаңаша бағыттар мен жұмыстарға тоқталып өтті.

Ал, аумақтық сайлауалды штаб мүшесі Гүлшара Сары облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сайын Қуанышев пен Айбар Алтыбаевқа сәттілік тілеп, аудандық партияның сайлауалды бағдарламасында ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, денсаулық және білім саласына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына басымдық берілгенін және осы басымдықтар іс жүзінде жүзеге асатын болса көптеген тұрғындардың мұң-мұқтажы шешіліп, ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсаратындығын алға тартты.

Кездесуге қатысушылар тарапынан Қызылқоға аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Бақтығұл Тәжіғали мен ауыл тұрғыны Нұрберген Есқожа Ойыл өзенін қайта қалпына келтіру, азық-түлік бағасының шарықтап өсуі, ауданымыздағы «Инватакси» көлігінің жетіспеушілігі секілді мәселелерді партия алдына мәселе етіп қойып, осы тұрғыда жұмыстар атқарылса деген игі тілектерін жеткізді.

“Nur Otan” партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді”

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз