Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
22
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Оңтүстіктің жаңа әкімі Шәмші әндері байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Бірнеше күнге созылған байқаудың бас жүлдесін қызылордалық Назым Сағынтай жеңіп алды.

І-орынға Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Диана Хашимжанова ие болса, ІІ-орын алматылық Тілекбай Нағымбаев пен астаналық Еркебұлан Тұрмағамбетовке бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынға астаналық Жалғас Сұлтанов пен Марат Айтымбай және Лаура Айтбаевалар (Қарағанды) лайықты деп танылды.

Сондай-ақ, салтанатты шарада облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Қытай Халық Республикасынан келген Асылхан Дәстүр марапатталса, арнайы диплом қырғызстандық Биназира Аблаеваға табысталды.

Халықаралық байқау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз