Саябақ бетон бағандарға салынған және сәулеті бойынша “ауада қалықтап тұрған” болып табылады.
Нью-Йоркте Манхэттенде Little Island деп аталатын ерекше дизайн және сәулетке ие саябақ ашылды, ол барлығына ашық. Бұл 10 мың м2 орынды алып жатқан арал.
Саябақ 132 бетон баған көмегімен салынды. Ол Хадсон өзенінің жағасында орналасқан.
Little Island жобасының идеясы британдық дизайнер Томас Хизервик кіретін Heatherwick Studio тобына тиесілі. Құрылыс құны 260 миллион долларды құрады, оны жергілікті кәсіпкер Барри Диллер және дизайнер Диана фон Фюрстенберг қаржыландырды.
Саябақтың құрылысы 2016 жылы басталды, бірақ New York City Club қоғамдық ұйымымен соттасу салдарынан кешіктірілді.
Орналасқан жері жолдарға, ағаштарға, сахналар мен барларға толы. Little Island-да түнгі клуб ашу жоспарда бар.