Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нью-Йорктағы полицей – қазақ баласы елге оралатын болыпты

232

“Менің екі атамекенім бар, бірақ Қазақстан – менің үйім”.


Димаштың білім бергені мен екінші үйі болғаны үшін АҚШ пен Нью-Йоркке деген алғысы шексіз. Сонымен қатар, Димаш Қазақстандағы және АҚШ-тағы полицейлік қызметті салыстырып, Қазақстан бұл салада тым жұмсақ жұмыс істейтінін атап өтті.

“Бізде, АҚШ-тық полицейлерде құқық басым, ал Қазақстанда заң бұзушы былапыт сөздер айтып, тіпті, полицей қызметкеріне қол көтеруі де мүмкін. Бізде ондайларды бірден жазалайды. Мен Шымкенттегі жергілікті полицей қызметкері Данияр Мейрханмен тілдестім. Біз бір-бірімізбен тәжірибе алмастық. Ақырында, мен оны АҚШ-қа қызмет етуге шақырдым. Ал мен өзім Шымкетке барып тұрып, жұмыс істеп көрсем, деймін. Мақсатымыз бір, ол – елді қорғау.”

Алайда АҚШ-та Димаштың бос уақыты жоқ. Оның әкесі бокс жаттықтырушысы, әр минутты бағалауды үйреткенін айтады. Димашты боксқа баулыған оның туған әкесі екен.

https://kaz.365info.kz/khatty-okinemin-akhsh-tagy-en-mykhty-politsej-khazakh-balasy-ishtegi-syryn-zhajyp-saldy-265947

“Менің ағам бар. Бірақ,

мен ешқашан үйдің еркесі болған емеспін.

Әкем бізге қатал болатын. Бірақ оның бәрі біздің болашағымыз үшін екенін жақсы білетінмін. Ал анам өте керемет жан. “Жұмақтың кілті ананың табанының астында”, деп бекер айтпаған ғой. Бірақ, мен қазірде отбасыммен емес, қызыммен бірге тұрамын.”

Сүйікті қызымен Димаш колледжде танысыпты. Басында екеуі жай дос болған, кейін Димаш ол қыздың достан да жақын екенін түсінген. Бірақ, тағдыр болашақта қандай соқпақтарға әкелетінін Димаш білмейді.

Қорытындылай келе, Димаш Қазақстанға оралып, ұрпақтарының осында өскенін қалайды.

Еске салсақ, Димаш Ниязов полицей қызметінде бірнеше медальдармен марапатталып, АҚШ-тың “ең үздік полицейі” атағын алды.

Бәтес Ерболат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз