Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Нұртас Адамбайдың киносын ұрлап көрсеткен кәсіпкер 11 млн теңге төлеуі мүмкін

2015-ші жылы прокатқа шыққан отандық кинокомедияны көруге ынтық көрермен көп болған сыңайлы. Кинозал иесі ешкімнен рұқсат сұрамай-ақ, ғаламтордан көшірмесін алып, көрерменге ұсынған. Билет құны мың жарым теңге. Мұнда келгендер фильмді проектормен флешкадағы көшірмесі арқылы көріп отырғанын сезбеген де сияқты. Бірақ кезекті көрсетілім кезінде олардың ұрлығы ашылып қалды. Енді авторлық құқықты сақтамаған 35 жастағы кәсіпкер әйел 11 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Сондай-ақ, фильмді жасаған компанияға 2 миллион теңге қарыз болып қалды.

“Бұл фильмді көрерменге ұсынуға олардың құқықтары болмаған. Қазір кинопроектор, экран, тағы басқа да құрылғылар түгел тәркіленді. Автордың құқығын аяққа таптаған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды”,- дейді Ақмола облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Амангелді Нұржанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз