Ұлым толыққанды отбасында өмір сүруі тиіс деген танымал продюсер бұрынғы жарымен қайта татуласты деп хабарлайды НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы.
Нұртас Адамбаев пен жұбайының арасынан қандай «қара мысық» өткені көпшілікке беймәлім. Киногер жеке өмірін мейлінше «жеті қат сандықта» жасырып ұстайды. Дегенмен, олардың ажырасуы көпке созылған жоқ.
Бұған дейін отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында актер “Әр бала толыққанды отбасында өсуі тиіс!” екенін айтқан болатын.