Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры 20 жылдығын атап өтеді

232

Бұл туралы осы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» Қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша 1998 жылы 15 желтоқсанда құрылған. Қор миссиясы: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің дамуына ықпал етіп, халықаралық білім беру стандарттарын енгізу және тарату арқылы ықпал ету.

20 жыл ішінде Қор мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беруде инновациялық білім беру жобаларын табысты іске асырды: Астана және Алматы қалаларындағы «Мирас» халықаралық мектептері, Алматы халықаралық мектебі, «Арыстан» мамандандырылған лицейі, Астана, Атырау және Алматы қалаларындағы «Мирас» балабақшалары, Халықаралық Бизнес Университеті (UIB), Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті (ХАТУ), Қазақстан-Британ Техникалық Университеті (ҚБТУ).

Қор жобаларының бірегейлігі бай ұлттық мәдениет пен білім беру дәстүрлерін сақтау арқылы оларға халықаралық тәжірибенің үздік жетістіктерінің үйлесімді кіріктірілуінде.

Қор мектептері мен жоғары оқу орындары әлемдік білім беру қауымдастығы тарапынан мойындалған: «Мирас» мектептері 2000 жылдардың басында-ақ Орталық Азия өңірінде алғашқы болып Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) мен АҚШ мектептері мен колледждері ассоциациясының (NEASC) аккредитациясын, Халықаралық Бакалавриаттың (IBO) барлық үш бағдарламасы бойынша авторизациясын алды. UIB AustrianQualityAgency (AQA), ХАТУ – инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары мен математика бағдарламалары бойынша Еуропа агенттігінен (ASIIN) аккредиттелді. ҚБТУ-дың инженерлік бағдарламалары мамандандырылған британ Теңіз Инжинирингі, Ғылым және Технологиялар Институтында (IMarEST) ресми мойындалуына, «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама» бағдарламалары халықаралық Accreditation Board for Engineering and Technology (ABET) агенттігінің аккредитациясына; Бизнес Мектебі бағдарламалары – CFA, CIMA, ACCA аккредитациясына ие болды. Қордың инновациялық қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан танылып, мектептерге Халықаралық мектеп мәртебесі берілді.

20 жыл ішінде Қордың балабақшалары 1000-нан аса бүлдіршін тәрбиелеп, мектептері 1600-ге жуық түлектер ұшырды, ЖОО-ы 16000-нан аса студенттерге жоғары білім берді. Қордың білім беру мекемелері нағыз кадрлар ұстаханасына айналды. Отандық және шетелдік мамандардың командалық жұмысы мүлдем жаңа және баға жетпес тәжірибенің үйлесімді синтезіне алып келді.

Қор мектептерінің педагогтары халықаралық білім беру қауымдастығында танымал сарапшылар болып табылады: аккредитациялық және авторизациялық комиссиялар мүшелері, халықаралық емтихан қабылдаушылар, жаттықтырушылар және кеңесшілер. Қор филиалдарындағы жұмыс барысында жинақталған инновациялық тәжірибе оларға республика және оның шегінен тыс білім беру кеңістігінде көшбасшылық орындарды иеленуге мүмкіндік береді.

Соңғы 5 жыл ішінде Қор мектепке дейінгі және жоғары білім беру саласында жаңа жобаларды іске асырып, өз қызметін ұлғайтты, жүйелі түрде қайырымдылық қызметпен және әлеуеметтік бағдарламалармен айналысады, елімізде жастар саясатын дамытуға белсенді атсалысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз