Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетін арттыруымыз қажет”

KADEX-2018 в Астане

Осы орайда, Қазақстан Президенті «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі алғаш рет ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығымен өтіп жатқанын тілге тиек етті.

«Біз бұл бағдарламаны өзінің мақсаты мен мазмұны жағынан ерекше етіп жасауға тырыстық. Мұндай кездесулер, бағдарламалар бүгінгі біз куә болып, байқап отырған әлемдік деңгейдегі геосаяси тұрақтылықтың өршуі жағдайында барынша өзекті деп білемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетелік, Астананың халықаралық әуежайының әскери секторы аумағында V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өз жұмысын бастаған болатын. 

V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі  26 мамырға дейін жалғаспақ.

Осынау көрмеге, әлемнің түкпір-түкпірінен, оның ішінде – Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысады.

Ал Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерін ұсынатын болады. 

Тағы бір айта кетерлік жайт, KADEX қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өткізіліп келе жатқанына биыл 5 -ші жыл толды. Бастысы, осы уақыт аралығында түрлі қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін өндіруші компаниялар мен тұтынушылар арасында өзара ыңғайлы әрі тиімді байланысты орнату мен дамытуға жол ашылды. Және де  бұл көрме түрлі елден келетін қорғаныс күштерін технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері жөнінде тәжірибе алмасу үшін таптырмас алаңға айналды.

На выставке представили лучшие достижения казахстанских и зарубежных предприятий ОПК

Биыл көрмеде 10 павильон жұмыс істейді, олардың ішінен: Түркия, Қытай және Ресейдің 3 жеке павильоны, қазақстандық «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Қазтехнология» АҚ кәсіпорындарының павильондары, одан бөлек космонавтика саласының жетекші үлгілері ұсынылатын ғарыш қызметіне арналған павильон алғаш рет қойылып отыр.

Шара барысында отандық 17 кәсіпорын әскери техниканың 57 бірлігі мен әскери азаматтық мақсаттағы 162 бұйымның тұсаукесерін өткізбек. 

Көрме аясында «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы, «Cyber and Digital Security» және «Advanced Def Tech» конференциялары өтеді. Аталған шаралар барысында әлемнің түрлі елдерінен келген мамандар мен сарапшылар қорғаныс өнеркәсібі, әскери-техникалық ынытмақтастық, ғарыш қызметі мен ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды мәселелері төңірегінде пікір алмасып, заманауи кезеңдегі киберқорғаныс жөніндегі сауалдарды талқылайды.

Тағы бір тілге тиек етер жайт, биылғы көрме Астананың 20 жылдығымен тура келіп отыр. Мұны Президент Нұрсұлтан Назарбаев та атап өткен болатын. 

«Халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің ашылуы құтты болсын! Бесінші рет өткізіліп отырған айтулы шара биылғы жылы Астананың 20 жылдығымен тура келіп отыр. «Қазақстандағы ғарыш күндері» атты форумның ұйымдастырылуы – биылғы көрменің басты ерекшелігі болып табылады. Мұнда әлемдік ғарыш саласының жетістіктеріне арналған арнайы павильон ашылды», – деген еді Елбасы.

KADEX-2018

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз