ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады. Видеоүндеуді Президенттің YouTube хостингіндегі баспасөз қызметі жариялады.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы «Challenge Өзгеше сен!» республикалық спорттық бастаманы қолдады және осы акция қатысушыларына бейнеүндеу жолдады. Бұл бастаманың мақсаты – біздің ел тұрғындары арасында дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Олар өз үлгілері арқылы қазақстандықтарды дене жаттығуы және спортпен шұғылдануға ынталандыратын болады.