Қарағанды облысына жасаған іс-сапарында елбасы жас жұбайлардың некесін қиятын “Ақ сарай” салтанат сарайына барып қайтты.
Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Президент жас жұбайларды құттықтап, оларға бақыт пен отбасылық береке тіледі.
“Ертең Қазақстанда отбасы күні болады. Көп адамдар үшін бақыт дегеніміз – отбасы мен балалары. Сіздерді бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Одан бөлек, елбасы отбасы құндылықтары мен жас қазақстандықтардың тәрбиесі туралы айтты.
Ал отбасы құрған жас жұбайлар президентке жастарды қолдауға арналған саясаты мен “7-20-25” бағдарламасы үшін алғыс айтты.
Бұл неке қиятын сарайды жеке кәсіпкер “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында тұрғызған.