Ақорданың ресми сайты таратқан ақпарат бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны шегендеу бойынша Заңға қол қойған.
“Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды” – делінген хабарламада.
“Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды” – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.