Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ерекше балабақшаның ашылуына қатысты

Бұл балабақшаның бір ерекшелігі топтар тақырыптық жүйемен жабдықталған. Мысалы:

1. Қазақстанның мақтанышы «Алатау»

2. Биік таудағы «Медеу» мұз айдыны

3. Тауда орналасқан «Шымбулак» заманауи шаңғы курорты

4. Сәулетті «Көктөбе»

5. Таңғажайып сұлулығымен таңғалдырған «Есентай»

6. Атақты «Алма Арасан»

7. Туристерді қызықтыратын «Тау самалы»

8. Аты аңызға айналған «Уш коныр»

9. Жалпыға танымал «Алмалы»

10. Тарихи орталық «Жетісу»

11. Алматының символы – «Апорт»

12. Өз ұлылығымен таңғалдырған «Алтын адам».

«Әр топта Алматы көшелері атауларымен өрнектелген кілемдер төселген. Бұл ерекше кілемдер балаларға арнайы Алматы қаласының танымал көшелері мен даңғылдарын тануға мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар Оңтүстік астананың танымал жерлерінің тарихына үңіліп, рухани байлығын сезіндіру мақсатында жасалып отыр.

Кілемде Астана балаларының алдағы уақытта білуі тиіс, терең тарихымен танымал көшелері мен даңғылдары, соның ішінде Панфилов көшесі, Абай даңғылы, Тимирязев көшесі, Төле би көшесі және т.б. көптеген басқа да көшелер мен даңғылдар өрнектелген. Кілемдегі көше бойымен жүре отырып Әуезов атындағы театрды, Атакентті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы, атақты жоғарғы оқу орындары сияқты тарихи орындармен қаланың белгілі жерлерін тануға болады» – дейді балабақша қызметкерлері.

«Almaty balabaqshasy» балабақшасы мектепке дейінгі жастағы балаларға Қазақстанның атақты екі қаласының тарихын тоғыстыру мақсатында, Алматы қаласын балаларға тереңірек таныстыра отырып, олардың уақытын пайдалы да тиімді ақпаратпен өткізуін қамтамасыз ету.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз